Алматы Орталық мешітінің наиб имамы: адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүру керек

Жарияланды
 Туған-туыстар арасында ас беріп, қонақ шақыруға болмайды

Алматы қаласы Орталық мешітінің наиб имамы Ермек Көкірекбаев өңірлік коммуникациялар қызмеінің алаңында өткен онлайн-брифинг барысында алматылықтарды карантин режиімінің жеңілдетілгеніне қарамастан, қауіпсіздік шараларын ұстануға және көпшілік шараларды өткізбеуге шақырды.Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Қазір карантиннің жеңілдетілгеніне қарамау керек, еркінсуге болмайды. Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүру керек, топтасып жиналмау керек, туған-туыстар арасында ас өткізуге, қонақ шақыруға болмайды. Алдындағы карантинді жеңілдету кезінде көбіміз босаңсып кеттік, ауру тарап кетті және біз қоғамымыздағы белгілі азаматтарымыздан айырылып қалдық. Біз енді ондайға жол бермеуіміз керек. Ол үшін қорғаныш шаралары мен ережелерін қатаң ұстану керек». Қайтыс болған адамдарға арнап  ас беріп,еске алуға тек жақын адамдардың арасында ғана өткізу керек», — деді имам.

Қала тұрғындарын санитарлық талаптарды сақтауды жалғастыруға, қоғамдық орындарда маска тағуға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, қолды жиі жуып, теріге арналған антисептиктерді пайдалануға шақырамыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз