Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт салынуда

Жобаның жалпы  құны 4,2 млрд теңгені құрайды

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Telegram каналы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт құрылысының барысымен танысты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Жобаның құны 4,2 млрд теңгені құрайды. Болашақ зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 600 тонна өнім өндіреді. Кәсіпорында өңірдің 30 тұрғыны еңбек ететін болады.

Бұланды ауданының Макинск қаласындағы заманауи зауыт майлы дақылдарды қайта өңдеуді қамтамасыз етеді және дайын өнім өңделген түрде көрші елдер нарығына экспортталатын болады.

Осындай зауыттарды Шығыс Қазақстан облысында салу жоспарланып отыр, ал Алматы қаласында заманауи зауыт іске қосылды. Мұндай өндіріс орындарын салу – шикізат экспортына қарағанда құны жоғары, тереңдетіле өңделген өнім экспортына өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Министр Макинск қаласында жергілікті элеватордың жаңа астық өнімін қабылдауға дайындығын тексерді. «Арна» астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС аудандағы фермерлерге астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның жалпы ауданы – 14,7 га құрайды. Бұл жерде сыйымдылығы 22 мың тонналық астық қоймасы, ауданы 4,5 мың шаршы метр асфальтталған алаң, өнімділігі сағатына 110 тонна астық кептіргіш бар.

Қазіргі уақытта элеватор жаңа астықты қабылдауға толық дайын.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG

banner_wsj.gif


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_opros.gif

kursiv_opros.gif