Жұмыспен қамту мәселелері бойынша қайда хабарласуға болады?

Қазір жұмыспен қамту орталығына келудің, тіркелудің қажеті жоқ

Фото: Shutterstock

Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Инстаграмдағы ресми парақшасында жұмыспен қамту мәселелері туралы кезекті тікелей эфир өтті. Сұрақтарға Жұмыспен қамту орталығының жұмыспен қамтуға көмек көрсету бөлімінің бастығы Азамат Байтасов жауап берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.  

  «Қазір жұмыспен қамту орталығына келудің, тіркелудің қажеті жоқ. Орталық ұсынатын барлық қызметтер онлайн режимде. 57-88-88 телефоны арқылы байланысуға болады. Қоңырау шалып, қажетті қызметті таңдап, өтінім қалдырыңыз. Содан кейін біздің мамандар сізге қоңырау шалып, өтінім бойынша жұмыс істейді. Жұмыссыздарды тіркеу және жұмысқа орналастыру үшін бізде төрт қалалық телефон: 95-44-20, 57-86-19, 72-93-57 және 72-93-50, сондай-ақ екі ұялы телефон: 8-777-116-82-76 және 8-777-116-82-73. Оқу және грант бөлу бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: 95-44-24, 95-44-16, 95-44-18, ұялы телефон: 8-702-513-61-19. Толық ақпаратты жұмыспен қамту орталығының cz.astana.kz сайтынан алуға болады», – деп түсіндірді А.Байтасов.

Сондай-ақ ол жұмысқа орналасқысы келетіндерге көптеген бос жұмыс орындары бар екенін айтты. Жұмысшылар, құрылысшылар, жүргізушілер, мерчендайзерлер сұранысқа ие. Естеріңізге сала кетейік, тек «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020-2021» бағдарламасы бойынша қазіргі уақытта шамамен 3 мың маман қажет. Сонымен қатар студенттер жұмысқа орналаса алады. Жұмыспен қамту орталығы қызметкерлері бос жұмыс орнын табуға көмектесу үшін жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

  «Жұмыссыз ретінде тіркелу үшін жұмыспен қамту орталығының call-орталығына 57-88-88 телефоны арқылы хабарласу керек. Онда сіз өтінімді, яғни тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты, ЖСН және телефон нөмірін қалдырасыз. Содан кейін біздің мамандар сізге қоңырау шалып, құжаттарды сұрайды: сізде диплом, еңбек кітапшасы, анықтама және қалада тіркеу болуы керек. Біз сізді тек осы жағдайда тіркейміз», – деді А.Байтасов.

 Оның айтуынша, жұмыссыздарға жәрдемақы жарналар мен сақтандыру қорына қатысу мөлшеріне байланысты тағайындалады. Осы және өзге де сұрақтарға толығырақ жауапты Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігінің Инстаграмдағы ресми парақшасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg