ЖОО мен колледждің 200 түлегі пандемиямен күреске жұмылдырылды

Олар емхана, аурухана, стационар мен жедел жәрдем станцияларында жұмыс істейді

Фото: Instagram/altay_kulginov_official

Дәрігерлер медицина университеті мен колледждің 200-ден астам түлегін пандемия жағдайында жұмыс істеуге үйретіп, оқытудан өткізді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram-да жазды. 

    "Қазіргі уақытта олардың барлығы жұмысқа алынып, COVID-19-бен күреске ат салысып жатыр. Қазір 120 түлек оқудан өтуде. Медицина университеті мен колледждің 500-ден астам түлегі COVID-19-бен күреске жұмылдырылды. Олар емханалар, ауруханалар, стационарлар мен жедел жәрдем станцияларына бөлініп, жұмысқа кірісіп үлгерді. COVID-19 науқастарын емдеуге арналған төсек-орындар санын көбейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Пандемия басталғалы жұқпалы аураулар төсек-орындары саны мыңнан 4 мыңға дейін ұлғайтылды. Осылайша, стационарлар саны 3-тен 14-ке дейін көбейді. Эпидемиологиялық ахуал күрделенуі мүмкін екені ескеріліп, тағы 1,5 мың орындық резерв дайындалды. Ол үшін арнайы жабдықталған 800 төсек-орын сатып алынады", - деп жазды Алтай Көлгінов Instagram-да.

Жақын арада, бұрын сатып алынған заттардан басқа, өкпені жасанды желдететін 200 қондырғы, 500 флуометр, 500 оттегі концентраторы, екі компьютерлік томограф әкелінеді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg