Жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны күрт ұлғаюда

Медициналық көмек көрсету кызметінің жұмысы күшейтіледі 

Фото: Shutterstock

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың денсаулық сақтау жүйесі жүктемесінің өсуіне орай алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметінің күшейтілетіні туралы айтты. Бұл туралы Алматы қаласы  әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Қала басшысы Instagram-дағы өзінің парақшасында санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралары және пандемия жағдайында қалалықтарға медициналық көмек көрсету туралы жазды.

 «Бүгінде коронавирустың таралуына байланысты қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық мүмкін ресурстары жұмылдырылды. Жұқпалы және провизорлық стационарлардан бөлек негізгі салмақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметіне жүктелді. Ең әуелі осы қызметке жүгінгендіктен, бұл – медициналық көмек көрсетудің негізі болып табылады», — деді Б. Сағынтаев.

Қала әкімінің мәліметі бойынша, бүгінгі қалыптасқан жағдайда «виртуалды жұқпалы аурулар ауруханасы» ашылды. Емханаларда COVID-19 диагнозы расталған және симптомдары бар пациенттерді мониторингілеу бойынша мобильді бригадалар құрылды.

Бұлардан өзге, Асфендияров медуниверситетімен бірлесіп, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-ның базасында пациенттерге мониторинг жүргізетін орталық ашылды.

 «Оның міндеті – қауіп тобындағы пациенттерді тәулік бойы бақылау және емдеу. Бұл бізге амбулаторлық деңгейде, әсіресе қарттар арасындағы асқынуларды азайтуға мүмкіндік береді», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Алматы әкімі қаланың денсаулық сақтау жүйесіне түсіп отырған жүктеменің  артқаны туралы да хабарлады. Тек соңғы айда қалада ЖРВИ мен пневмония ауруларының саны 5 есе өсті, ал бұл індеттің көрінісі ретінде қарастырылуда.

Демек, жедел жәрдем қызметіне жүгінушілердің саны да күрт ұлғайған. Егер мамыр айында 2,5 мың қоңырау шалынса, маусым айында тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түскен. Бір бригаданың орташа тәуліктік жүктемесі екі есеге өсіп, 19 шақырымды құрап отыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg