Жамбыл облысында екі ірі табиғи өрт сөндірілуде

Жарияланды
18 мың гектар алқапты өрт шалған

Жамбыл облысында екі ірі табиғи өрт сөндірілуде. Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылғы 19 шілдеде тәулігіне 31 табиғи өрт оқиғасы тіркелді.
Ақтөбе, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, және Қостанай облыстарында орын алған 19 табиғи өрт ТЖК бақылауында, онда өрттерді жою бойынша шаралар қабылдануда.

Оның ішінде ең ірі екі табиғи өрт алдын ала мәлімет бойынша 18 мың га алқапта Жамбыл облысында орын алды. 

Елді мекендерге қауіп жоқ.

Өртті сөндіру қиын ауа-райы жағдайымен күрделене түсуде: +38 градус, жел 17 
м/с. 

18 шілде сағат 9:36-да Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылынан 180 шақырымда, Қарабөгет ауылынан 50 шақырым қашықтықта «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Мойынқұм мекемесі» КММ аумағында құмды жерде алдын ала мәлімет бойынша 10 мың га аумақта құрғақ шөп пен сексеуіл жанған. Өртті ауыздықтауға 219 адам, 51 бірлік техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды, олар ТЖД, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Мойынқұм, Байзақ, Меркі және Жуалы мекемелері» КММ, Мойынқұм ауданының  ерікті өртке қарсы құрылымдары, «Қазавиаорманқорғау» РМК  күштері мен құралдары.

19 шілде сағат 13:00-де Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылынан 100 шақырым жерде, Луговой орман шаруашылығының аумағында, құмды жерде құрғақ шөптің жануы орын алып, Мерке ауданы Сарықоба орманшылығы аумағына өтіп, алдын ала мәлімет бойынша 8 мың га аумақта өрт шықты. Сағат 10:20-да өрт ауыздықталды.

Өртті  сөндіруге ТЖД, ЕӨҚҚ, 
«Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ, «Луговое орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі» КММ 177 адам мен 35 бірлік техника құрамында күштері мен құралдары тартылды.

Сонымен қатар, өткен тәулікте Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, облыстарында құрғақ шөптің жануы жойылды. 

Өртті ауыздықтауға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды. 

Сондай-ақ оқыңыз