Ветеринарлық бақылау және қадағалау органдарының бірқатар басшысы сөгіс алды

Мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін кешіктіру фактілері тіркелген

Фото: ҚР АШМ ресми сайтынан

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің 2019 жылғы және 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындылары бойынша, сондай-ақ екінші жартыжылдықтағы жоспарлар туралы алқа отырысы өтті, деп хабарлайды АШМ баспасөз қызметі.

Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов елдегі ветеринарлық қауіпсіздік және эпизоотиялық жағдай туралы баяндады. Оның айтуынша, былтыр 146 аса қауіпті ауру тіркелсе, осы жылдың 6 айында 129 ауру анықталған.

Былтыр 17 аса қауіпті аурудың алдын алу мақсатында жануарлар мен құстарға 140 млн екпе жасалған. Биылғы жылы 150 млн салынады деп жоспарлануда.

Өткен жылы 32,5 миллионға жуық жануар тексеруден өтті. Нәтижесінде 54,6 мың бастан бруцеллез анықталды. 2020 жылдың 6 айында 18,7 млн бастан 33 мың ауру белгісі табылған. 

Баяндама барысында бас мемлекеттік ветеринарлық инспектор өткен жылы мемлекеттік шекара бойымен 32 ветеринарлық бақылау пункті орналастырылғаннан кейін тауарлардың экспорттық-импорттық қозғалысы кезінде заң бұзушылықтардың азайғанын атап өтті. А.Өтеғұловтың айтуынша, Қазақстан нарығына кіретін сапасыз өнімдер импорты айтарлықтай төмендеген.

Ведомство қызметкерлерінің басқа да жетістіктері бар. Атап айтқанда, 2019 жылы Дүниежүзілік жануарлардың денсаулығын сақтау ұйымы Қазақстанға шошқаның африкалық обасы мен жоғары патогенді құс тұмауынан азат ел атағын берді. 2020 жылы классикалық шошқа обасынан босатылған ел мәртебесін алдық. Осы уақыт аралығында 3 мыңға жуық қазақстандық ауылшаруашылық тауар өндірушілері өнімдерін экспорттауға арналған шетелдік тізімге енгізілді. Мәселен, 9 қазақстандық компания ҚХР-на сиыр еті мен қой етін экспорттауға құқылы кәсіпорындар қатарына кірді.

Сондай-ақ, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті қазақстандық шошқа етін, сүт өнімдері мен жүн шикізатын Қытайға экспорттау туралы хаттамаларға қол қойды. Жылқының етін Жапонияға экспорттауға ветеринарлық сертификат келісілді, Еуропалық Одақпен бал және сүт өнімдерін экспорттауға қойылатын талаптарды келісу бойынша келіссөздер аяқталуда.

Алқа отырысында Комитет пен аумақтық бөлімшелер жұмысындағы бірқатар заң бұзушылықтар қарастырылып, себептері талданды және оларды шешу жолдары талқыланды.

Атап айтқанда, статистикалық есептерде және «Ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру» мәліметтерінде көрсетілген мал саны туралы ақпараттарды салыстыру барысында кемшіліктер анықталды. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша айырмашылық 11,7% құрады. Бұдан өзге, ауылшаруашылық жануарларының мониторингтік диагностикалық зерттеулеріндегі 3 миллионға жуық тексерісте қателіктер бар.

Сондай-ақ, Комитет биотермальды шұңқырлардың тізілімін жүргізбейтіні анықталды: ақпараттық жүйеге мал қорымдары мен сібір жарасынан өлген жануарларды көмудің тек 70% -ы ғана енгізілген.

Үстіміздегі жылдың басынан бергі камералық талдау нәтижелері бойынша мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін кешіктіру фактілері тіркелген.

Ветеринариялық-санитарлық бақылаудың дұрыс жүргізілмегені үшін Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Марат Ибраевқа қатаң сөгіс берілді, Ақтөбе, Жамбыл және Павлодар облыстық аумақтық инспекцияларының басшылары Темірбек Нұртазин, Жандар Қоекеев, Рашид Нұрбеков және Атырау мен Түркістан облыстық аумақтық инспекциялары басшысының міндетін атқарушы Ғалымбек Бисенғалиев пен Нұржан Үсенбаевқа сөгіс  жарияланды.

Қарағанды облыстық  аумақтық инспекциясының басшысы Марат Мұхтаровқа ескерту түріндегі әкімшілік жаза берілді.

Маңғыстау облыстық Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының бастығы Қуанышкерей Мырзатовты қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы облыстық инспекцияларының басшыларына, сондай-ақ Шымкенттегі инспекция басшыларына қатысты қызметтік тергеу жалғасуда.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg