Тыйым салынған аудио дәрістер анықталды

Бұл аудио еліміздің аумағында тыйым салынған

Фото:Polisia.kz сайты

Полиция теміржол ұйымдарының қызметкерлерінен тыйым салынған аудио дәрістерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Көліктегі полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ВКонтакте» және “Facebook” әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу кезінде теміржол ұйымдарының үш қызметкерінен деструктивті сипаттағы аудио дәрістерді сақтау фактілерін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев мәлімдеді.

  «Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы, Түркістан және Ақтөбе облысының тұрғындарын анықтады. Олар 33,34 және 36 жаста. Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды», – деді Н.Алибаев.

 «Сот шешімімен аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК453–бабының 1 және 2 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әрбіріне 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», – деп атап өтті полиция полковнигі.

Көлік полициясы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, ҚР тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған  бұқаралық ақпарат құралдары өнімін дайындауға, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға, таратуға тыйым салынатынын ескертеді.


 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg