Соңғы бір аптада елімізде 210 адам коронавирустан қайтыс болған

Қазақстанда барлығы 585 адам көз жұмды

Фото: Shutterstock

13-19 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 210 адам көз жұмды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

Ақмола облысы - 7:
1960, 1974, 1962, 1970 жылғы ер адамдар, 1962, 1940, 1974 жылғы әйел адамдар

Атырау облысы - 5:
1955 жылғы ер адам, 1951, 1971, 1951, 1950 жылғы әйел адамдар

Ақтөбе облысы - 9:
1965, 1960, 1955 жылғы ер адамдар, 1971, 1938, 1957, 1960, 1944, 1965 жылғы әйел адамдар

Жамбыл облысы - 4:
1956 жылғы ер адам, 1990, 1956, 1957 жылғы әйел адамдар

Қарағанды облысы – 6:
1961, 1938, 1940 жылғы ер адамдар, 1940, 1928, 1957 жылғы әйел адамдар

Маңғыстау облысы – 11:
1940, 1973, 1944, 1972, 1968, 1967, 1951, 1960 жылғы ер адамдар, 1949, 1959, 1954 жылғы әйел адамдар

Солтүстік Қазақстан облысы - 2:
1964, 1945 жылғы ер адамдар

Түркістан облысы - 18:
1941, 1951, 1949, 1960, 1963, 1958, 1952, 1955, 1937 жылғы ер адамдар, 1957, 1942, 1985, 1997, 1956, 1996, 1986, 1991, 1950 жылғы әйел адамдар

Павлодар облысы - 8:
1955, 1956 жылғы ер адамдар, 1946, 1955, 1955, 1949, 1964, 1974 жылғы әйел адамдар

Нұр-Сұлтан қаласы - 114:
1955, 1962, 1952, 1959, 1959, 1940, 1978, 1955, 1953, 1977, 1954, 1963, 1976, 1957, 1943, 1941, 1980, 1963, 1946, 1975, 1950, 1954, 1953, 1958, 1964, 1960, 1947, 1967, 1965, 1932, 1951, 1951, 1973, 1963, 1959, 1954, 1957, 1954, 1975, 1951, 1958, 1946, 1946, 1959, 1950, 1977, 1968, 1944, 1947, 1950, 1951, 1935, 1948, 1942, 1944, 1962, 1970, 1950, 1950, 1986, 1953, 1966 жылғы ер адамдар, 1948, 1950, 1951, 1973, 1942, 1961, 1975, 1966, 1945, 1962, 1952, 1965, 1964, 1970, 1939, 1968, 1957, 1933, 1946, 1965, 1959, 1987, 1972, 1968, 1994, 1946, 1971, 1943, 1948, 1940, 1947, 1937, 1963, 1956, 1961, 1950, 1952, 1950, 1950, 1942, 1959, 1959, 1944, 1955, 1946, 1952, 1941, 1945, 1950, 1947, 1955, 1954 жылғы әйел адамдар

Алматы облысы - 19:
1974, 1951, 1971, 1946, 1971, 1965, 1965, 1949, 1973, 1934, 1974, 1945, 1939, 1962, 1938, 1959 жылғы ер адамдар, 1949, 1947, 1959 жылғы әйел адамдар

Шымкент қаласы - 7:
1951, 1961, 1951, 1959, 1970, 1947, 1962 жылғы ер адамдар
 
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда барлығы 585 адам қайтыс болды.
 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg