Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер қылмысы азайды 

Негізінен ұрлық саны төмендеді

Фото: Shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер қылмысы 30 %-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша полицейлермен жүргізілетін жұмыс, карантиндік іс-шараларға байланысты жазғы демалыс лагерлері мен жасөспірімдердің мектептен тыс бос уақыттарын өткізу ұйымдары жабылған кезеңде, әсіресе қазіргі уақытта өзекті болып отыр. 

Тәртіп сақшылары түнде көшелерде рейдтер жүргізіп, педагогтармен бірлесе тұрмысы қолайсыз отбасыларды, ювеналдық полиция бөлімдерінде, сондай-ақ мектепте есепте тұрған балаларды мекенжайлары бойынша тексереді. 

«Көп жағдайда ювеналдық полицейлерге түнгі уақытта, яғни түнгі сағат 23-тен таңғы сағат 6-ға дейін балалардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жүру фактілері кездесіп жатады», – деді СҚО Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Полицейлер бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша СҚО-да жасөспірімдер қылмысының 30%-ға төмендегенін атап өтті, яғни 16-дан 11 фактіге. Негізінен ұрлық саны азайған. Құқық бұзушылықтардың негізгі көзі болып табылатын балалардың бақылаусыз қалуын жоюға бағытталған профилактикалық жұмыс жалғасатын болады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg