Солтүстік Қазақстан облысында 14 мыңнан астам бала мектепке барып оқиды

Қазір өңірде жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр

Фото: ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы

Солтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылында 14 мыңнан астам бала әдеттегідей мектепке барып оқиды. Бұл негізінен шағын комплектілі мектептердің оқушылары. Өңірде осындай 287 білім ордасы бар. Олардың басым бөлігі шалғай ауылдарда орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Төртінші тоқсанның тәжірибесіне сүйене отырып, шалғай ауылдардағы мектептердің жұмысын шектемеуді шештік. Мұнда сабақтар дәстүрлі түрде өтеді. Олар негізінен бастауыш және негізгі мектептер. Сыныптардағы бала саны 3 пен 20 аралығында ғана. Оқушылар да, ұстаздар да мектепке жаяу барады, сырттан келетіндер жоқ, яғни эпидемиологиялық жағдай жақсы», - дейді Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте. 

Қазір өңірде жаңа оқу жылына қызу дайындық жүріп жатыр. Қашықтан оқыту барысында кездескен қиындықтар қайталанбауы үшін бірқатар мәселелер шешілуде. Соның бірі – компьютерлік техниканың жетіспеушілігі. 

 «Оқыту процесінде компьютердің алар орны зор екендігін уақыт көрсетті. Оқушыларымыз жаңа форматта оқу барысында ІТ мүмкіндіктерін ашып, жетілдіріп, өздігінен қажетті ақпарат таба алатындықтарын көрсетті. Сол себепті бірінші кезекте компьютерлік техникаға мониторинг жүргіздік. Төртінші тоқсандағыдай компьютерлерді қолға жауапкершілікпен пайдалануға береміз. Қазірдің өзінде 580 компьютер сатып алынды», - деді басқарма басшысы. 

1 қыркүйекке дейін үнемдеу есебінен тағы бір мыңға жуық техника алынбақ. Оған 200 млн жуық теңге жұмсалмақшы. Бұл компьютерлер бірінші кезекте мүгедек баласы бар және көп балалы аз қамтылған отбасыларға таратылмақ.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg