Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус індетінен айықты

Жарияланды
Тесттің қорытындысы бойынша індет анықталған жоқ.

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев коронавирус инфекциясынан айықты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды.

   «Жақсы жаңалығым бар. Елбасының КВИ-ге бүгінгі тестінің қорытындысы бойынша індет анықталған жоқ. Дәрігерлердің кеңесіне сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев өзін-өзі оқшаулау режимін жалғастырады. Қашықтан жұмыс істеп, таза ауада серуендеуге уақыт бөлетін болады», – деп жазды Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де.

 

Сондай-ақ оқыңыз