Нұр-Сұлтанда медициналық бетперде шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды

Тәулігіне 80 000 – 120 000 дейін медициналық бетперде өндірілуде

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Нұр-Сұлтан қаласында медициналық бетперде шығарумен айналысатын "Bioniсk-Pro" өндіріс ошағы ашылды. Өнеркәсіптің ашылғанына небәрі екі апта болды. Осы күнге дейін 1 млн – нан астам бетперде шығарылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өндіріс орнының директоры Арон Қадыровтың айтуынша, өнеркәсіп тәулігіне 180 000 дана бетперде шығара алады. Қазіргі таңда сұранысқа сәйкес, тәулігіне 80 000 – 120 000 дейін медициналық бетперде өндірілуде. Бұл бетперделерді қаланың дәріханалары мен емханаларына жеткізеді.

Бетперде өндірісі автоматтандырылған және жартылай автоматтандырылған екі станок арқылы жүргізіледі. Бірінші станок үш матаны біріктіріп, үтіктеп, үш рет бүктеп, жиектеріне тігіс салады. Келесі станокта бетперделер арнайы өлшеммен кесіліп, құлаққа тағатын резеңкесі желімделеді. Одан кейін мамандар бетперделерді тексеріп, санап, арнайы қаптамаларға 50 данадан салып отырады.

Бетперде өндірісіне арналған маталар мен резеңкелер Түркия мен Ираннан жеткізіледі. Ал станоктар Қытайдан сатып алынды. Өнеркәсіп ошағыныңы мамандары Шанхай және Гуанчжоу қалаларына барып, осы станоктарда жұмыс істеуді арнайы үйреніп келді.

   «Маскалар арнайы су өткізбейтін, сапа бақылауынан өткен маталардан жасалады және міндетті түрде үш қабатты болады. Айта кету керек, мақталы, тоқыма маталардан тігілген маскалардың қорғаныш деңгейі төмен болады. Және мұндай маскалар суланады да, микроб жинайды. Сондықтан, арнайы спанбонд, мельтблаун деп аталатын маталардан дайындалатын маскаларды пайдалану керек. Біздің үшқабатты маскалар осындай маталардан тігіледі және 92% сыртқы күштерден тыныс алу жолдарын қорғай алады», - дейді өнеркәсіп директоры.

Жақында өндіріс орны  балаларға арналған бетперделер шығарады. Сонымен қатар бетперделерді кәдеге жарату жобасын дайындап жатыр. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg