Нұр-Сұлтанда карантин талаптарын бұзған ойын-сауық орындары анықталды

Кафе мен мейрамхана иелеріне көп мөлшерде айыппұл салынды

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Санитария нормаларын сақтамаған кафелер мен мейрамханалардың иелеріне көп мөлшерде айыппұл салынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 


Полицейлер мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мобильді тобы карантин тәртібін бұзушыларды анықтау бойынша кезекті рейд жүргізді. Пандемия кезінде бірқатар мекемелерде санитария ережелері сақталмайтыны анықталды. Солардың бірі – Тұран даңғылы, 2 мекен-жайында орналасқан «Аура» кафесі.

   «Жазғы террассада қойылған 15 үстелдің барлығында келушілер болды. Олардың арасында қашықтық сақталмаған. Кафе ішіндегі караокенің екі кабинасында да адамдар болды. Маска тағу тәртібі сақталмаған. Жарлыққа сәйкес жұмыс уақыты 22:00-ге дейін болса да, кафе сағат 23:00-де әлі жұмыс жасап тұр», – дейді Нұр-Сұлтан әкімдігінің азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығының бас маманы Жеңіс Камалиев.

Мекеме иелерінен жазбаша түсініктеме алынды.

    «Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметкерлері аудандық СЭС басқармасына хабарлама жіберді. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша тиісті шаралар қабылданады», – деді мобильді топтардың үйлестірушісі Аман Оспанов.

Баптың санкциялары үлкен айыппұл салуды қарастырады. Жауапты тұлғалар бизнес иелері мен келушілерді барлық қоғамдық орындарда санитария нормаларын қатаң сақтауға шақырады: санитайзерлерді қолданып, маска тағу, қашықтық сақтау керек.

Айта кетейік, өткен аптада Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұратын мобильді топтар 227 карантин тәртібін бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтаудың міндетті талаптарын бұзу – 146 болса, тыйым салынған уақытта қызметін жүзеге асырған 81 кәсіпкерлік субъекті карантин талаптарын бұзған.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg