Магистратура мен докторантураға түсу үшін өтініштер қабылданып жатыр

Жарияланды
Тестілеу электронды форматта 1 - 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі

15 маусымнан 15 шілдеге дейін магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау жүргізіледі. Тестілеу электронды форматта 1 – 15 тамыз аралығында компьютерлік форматта өткізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады. 

Магистратура бойынша білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер 16 – 20 тамыз аралығында қабылданады.

3 шілдеден 3 тамызға дейін докторантураға түсуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі. 

Докторантураға түсу емтихандары 4 – 20 тамыз аралығында өткізіледі.

Өтініштерді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы https://pvo-zayav.testcenter.kz ЖОО қабылдау комиссиялары қабылдайды. 
 

Сондай-ақ оқыңыз