Әлемде зейнетақы жүйесінің қандай түрлері бар?

Жарияланды
Үйлестіруші және жинақтаушы деп екі классикалық түрге бөлінеді

Әлемде зейнетақы жүйесінің қандай түрлері бар? Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми телеграм арнасы хабарлады. 

Әлемдік тәжірибеде қаржыландыру қағидаты бойынша зейнетақы жүйесін үйлестіруші және жинақтаушы деп екі классикалық түрге бөледі:

Үйлестіруші зейнетақы жүйесіне зейнеткерлерге зейнетақы төлемдерін еңбеккерлердің ағымдағы табысы, яғни бюджетке бөлінген ағымдағы салық түсімдері есебінен беруді көздейді.   

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде жұмыс істейтін адамдар жарналар аударады, олар жиналады, инвестицияланады және инвестициялаудан алынған табыстар одан әрі жинақтарды қалыптастырған адамдарды зейнетақымен қамсыздандыру үшін пайдаланылады.

Айта кету керек, мемлекеттер жүйенің тек бір түрін сирек пайдаланады, негізінен үйлестіруші және жинақтаушы жүйелерінің әртүрлі тіркесімдері көп кездеседі. Мұндай тәсіл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және бір құрамдауыштың артықшылықтарының есебінен екіншісінің кемшіліктерін білдіртпеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз