Коронавируске шалдыққандарға тыныс алу жаттығуын жасауға бола ма?

Сонымен қатар, D және C дәруменін шектен тыс  көп ішуге болмайды

Фото: Shutterstock

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Астана медицина университетінің жедел медициналық көмек, анестезиология және қарқынды терапия кафедрасының меңгерушісі Нұрила Малтабарова тыныс алу жаттығуының пайдасы мен зиянын түсіндірді.  Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы  ресми Telegram каналы хабарлады.

Дәрігердің айтуынша, науқас қатты ауырып жатқанда тыныс алу жаттығуын жасауға болмайды және міндетті түрде дәрігерге жүгінген жөн. 

 "Тыныс алу гимнастикасы қалпына келтіру мен медициналық оңалту  кезінде пайдалы, ол хаттамада бар. Бірақ, пациенттің жағдайы ауыр болса, тыныс алу гимнастикасын жасауға болмайды, мұндай жаттығу адам денсаулығын қиындатып жіберуі мүмкін. Науқас стационардан емделіп шыққаннан кейін,  реабилитологтың ұсынысымен  ғана жаттығу жасауы қажет", - деді Нұрила Малтабарова.  

Сондай-ақ, мамандар иммунитет көтеретін дәрумендерді де байыппен ішуге кеңес береді. 
Баян Тұрдалина, Астана медицина университеті балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, дәрігер-инфекционист:

 "Дәрумендерге бай дұрыс тамақтану керек, стресстің алдын алып, спортпен шұғылданыңыз және барынша позитивті көңіл-күйді жүруге тырысыңыз. Дәрумені көп таңқурай, қарақат сынды жеміс-жидекті тұтыныңыз. Ал D және C дәруменін көзсіз көп ішуге болмайды. Мәселен, бұл дәрумендер балаға салмағына қарай тағайындалады”.

Дәрігер-инфекционистің пікірінше, иммунитетті көтеру үшін, әсіресе, күндізгі және түнгі ұйқының дұрыс болғаны жөн.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg