Қорғаныс министрлігі әскери медицина қызметкерлерінің материалдық қолдау мәселесін шешуде

Пандемиямен күреске Қарулы күштердің әскери-медициналық қызметі белсенді қатысуда

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

 Коронавирус инфекциясы таралған алғашқы күннен бастап пандемиямен  күреске Қарулы күштердің әскери-медициналық қызметі белсенді қатысуда. Әскери медицина қызметкерлерінің негізгі міндеті әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау екендігіне қарамастан, әскери-медициналық қызмет ресурстары азаматтық денсаулық сақтауға көмек көрсетуге бағытталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылдың 16 шілдесінде Алматы қаласы әскери госпиталінің азаматтық персоналының жекелеген өкілдерінің эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін оларға ай сайынғы үстемеақы төлеуге қатысты сөз сөйлеу фактісі бойынша Қорғаныс министрлігі өз ұстанымын білдірді. 

Қорғаныс ведомствосы қолданыстағы заңнамада көзделген барлық міндеттемелерді орындап, инфекциямен күреске тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу мәселесін шешумен айналысады. Бұл мәселе Қорғаныс министрінің қатаң бақылауында.

Бұл мәселені шешу және нормативтік-құқықтық базаны өзгерту Қорғаныс министрлігіне ғана байланысты емес. Сондай-ақ оның орындалуы белгілі бір уақытты талап етеді. Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 4 сәуіріндегі «COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау ұйымдарының жұмыскерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығына толықтырулар енгізу құзыретті мемлекеттік органдармен пысықталуда. Ағымдағы жылдың мамыр айында Қорғаныс министрлігі Денсаулық сақтау министрлігіне толықтырулар енгізу жөнінде және Қаржы министрлігіне коронавирусқа қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерін қаржылық қолдауға қажетті ақшалай қаражаттың қажеттілігін есептеу жөнінде тиісті ұсыныстар жіберді.

Ағымдағы жылдың 17 шілдесінде Қаржы министрлігінен министрдің міндетін атқарушы тұлғаның қолы қойылған 16.07.2020 ж. шығ.№ 23-12/2233 хатындағы жауабы алынды. Онда Қарулы Күштердің медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу қарастырылмағандығы айтылған. Өйткені олар «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы ҚР Заңына сәйкес лайықты ақшалай үлеспен тұрғын үй төлемдерімен қамтамасыз етілген және оларға қолданылатын барлық көзделген жеңілдіктер бар екендігі айтылған.      

 Алынған жауапқа қарамастан, Қорғаныс министрлігі осы мәселені шешу бойынша жұмысты жалғастырады. Өйткені әскери медицина қызметкерлері өздерінің азаматтық әріптестерімен осындай күрделі және қауіпті жағдайларда қазақстандықтардың өмірі үшін тең жағдайда күресуде. Оларды қаржылық қолдау мәселелерінде бөлуді бүкіл ел қауіп-қатермен күресте топтасқан кезде әділетсіз деп санаймыз.         
Біз бұл мәселе жоғары деңгейде оң шешімін табады деп үміттенеміз. Қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін әскери мекемелердің медицина мамандарына үстемеақы төленеді.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg