Колледжге түсу туралы кеңесті үйден шықпай-ақ алуға болады 

Виртуалды қабылдау комиссиялары 20 тамызға дейін жұмыс істейді

Фото: Shutterstock

Талапкерлерге арналған виртуалды қабылдау қызметі 24/7 тәртібінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Қандай мамандықтарға гранттар бөлінді, колледжге түсу үшін қандай құжаттар қажет және жеңілдіктерді қалай алуға болады? Осы және басқа да сұрақтарға талапкерлер үйден шықпай-ақ жауап ала алады. Елордалық колледждердің сайттарында виртуалды қабылдау қызметі жұмыс істейді. Ассистенттер келіп түскен сұрақтарға 3-5 минут ішінде жауап береді. 

 «Біз бес күн бұрын виртуалды қабылдауды іске қостық, қазірдің өзінде 200-ден астам өтініш келіп түсті. Көбі гранттар мен жеңілдіктер бар мамандықтарға құжаттарды қалай тапсыру керегін сұрап жатыр. Ауылдық жерден көптеген өтініштер бар. Виртуалды ассистент 24/7 режимінде жұмыс істейді, бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды», – деді Политехникалық колледждің директоры Қасымхан Сенғазыев. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта барлық кеңестерді колледжге барып алуға болады. Алайда пандемия кезінде қауіпсіздік мақсатында қарым-қатынасты шектеген дұрыс. Виртуалды қабылдау комиссиялары 20 тамызға дейін 33 елордалық колледждің сайттарында жұмыс істейтін болады. Колледждердің тізімі, олардың сайттары мен байланыстары төменде берілген.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg