Қазақстандық электролиз зауыты алюминийді әлемнің 20-дан астам еліне жеткізеді

А-8 және А-85 жоғары маркалы алюминий

Фото: ҚР ИИДМ

"Қазақстан электролиз зауыты" АҚ (ҚЭЗ) Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін елімізде алғашқы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Өндіріс ошағы 2007 жылдан бастап Лондон металдар биржасында тіркелген А-8 және А-85 жоғары маркалы бастапқы алюминий шығарады. ҚЭЗ алюминийді Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Оңтүстік және Орталық Еуропа елдерін қоса алғанда, әлемнің 20-дан астам еліне жеткізеді.

Елімізде электролиз зауытын іске қосу аясында толық өндірістік циклмен ұсынылған алюминий кластері құрылды – кен және сазбалшықты өндіруден бастап металл алуға дейін (Краснооктябрь және Торғай боксит кен басқармалары, Керегетас әктас кеніші, Павлодар алюминий зауыты).

Сонымен қатар Қазақстан электролиз зауыты әлемдегі алюминий өндірісі бойынша ең аз шығынды кәсіпорындардың бірі болып табылады. Мұнда, атап айтқанда, жеке анодтар шығару жолға қойылған, электродтар өндірісі бойынша бөлімшенің қуаттылығы жылына 136 мың тоннаны құрайды. Инновациялық кәсіпорын өз жұмысын бастағалы екі млн тоннадан астам бастапқы алюминий өндірді.

Зауыт ең жоғары сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беретін жетекші әлемдік өндіруші фирмалардың заманауи жабдықтарымен жабдықталған. Өндіріс ошағында алдын ала күйдірілген анод технологиясы қолданылады, ол заманауи әрі экологиялық қауіпсіз саналады. Зауыттағы анодтар Теміртаудағы тас көмір пекінен, Павлодар мұнай коксінен өндіріледі. Алюминий өндіру кезінде Еуразиялық топқа кіретін "Қазақстан алюминийі" АҚ сазбалшығы пайдаланылады. Бұдан басқа, барлық технологиялық процесс үшін электр энергиясын ERG тағы бір кәсіпорны – "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ жеткізеді. Зауытта өндірілген анодтар мұнда шығарылатын отандық алюминийдің жоғары сапасын сақтап қана қоймай, ондағы қазақстандық алюминийдің құрамын 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Зауытта жоғары ампералы электролизерлер қолданылады. Электролизерлер сериясы 288 электролизерден тұрады. Барлық технологиялық процестер автоматтандырылған басқару жүйелерімен бақыланады. Осылайша операцияларды реттеуге, электролизерлердің, газ тазалау қондырғыларының, құю цехының және қосалқы объектілердің жұмысына үздіксіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік бар.

Құрылыстың бастапқы кезеңінде және зауыт тұрғызылған күннен бастап алюминий өндірісінің экологиялық нормалары мен ережелері сақталды. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын азайту үшін Норвегиялық ALSTOM компаниясының газ тазарту қондырғылары орнатылған, олар адсорбцияға және алюминий алу үшін шикізат болып табылатын сазбалшық бар фторлы сутегін электролиз процесіне қайтаруға негізделген технологиялық газдарды құрғақ сорбциялық тазартумен ұсынылған. Ластаушы заттарды ұстау деңгейі 99,4% - дан асады. Тиімділік басқа тәуелсіз ұйымды тарта отырып, тоқсан сайынғы өлшеулермен расталады.

Сондай-ақ қоршаған ортаға теріс әсерді болдырмайтын объектілерге мыналар жатады: шаруашылық - тұрмыстық ағындарды биологиялық тазарту станциясы, өнеркәсіптік ағындарды тазарту станциясы, өндірістік және нөсерлі ағын суларды жинақтағыш тоған, қалдықтарды уақытша орналастыру алаңы және басқалары. "Қазақстан электролиз зауыты"АҚ өндірістің экологиялылығын сақтау жолымен ИСО 14001 "Экологиялық менеджмент жүйесі" халықаралық стандартымен сертификатталған.

Бұдан бөлек, бүгінде санитарлық-қорғау аймағының аумағында 300 000-нан астам жасыл желектер отырғызылған, олар газға төзімді ағаш-бұта көшеттерінен тұрады: терек, сүйелдемелі қайың, шаған үйеңкі, тал, ұсақ жапырақты тұтқыр. Зауыт аумағында көптеген гүлдер гүлдейді, олардың негізгісі таза алюминий символы ретінде раушан болып табылады. Жобамен зауыт аумағын, сондай-ақ айналадағы жасыл белдеулерді жақсарту және абаттандыру бойынша одан әрі жұмыстар қарастырылған.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg