Қазақстанда күніне 800 тоннадан астам құс еті өндіріледі

Өткен жылмен салыстырғанда 6,3% өскен

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

Жыл басынан бері елімізде құс етінің өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 6,3% өсті. Қаңтар мен мамыр аралығында 100 мың тоннаға жуық өнім өндірілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.


Қазақстанда құс етін 24 құс фабрикасы шығарады. Күн сайын олар 800 тоннаға дейін өнім өндіреді (Ақмола облысында - 200 тоннадан астам, Алматыда - 350-ге жуық, Ақтөбе мен Атырауда - 7 тоннаға, Шығыс Қазақстан облысында - 130, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарында - 20-дан астам, Қостанай және Павлодар -14, СҚО - 6, ОҚО - 45 тоннаға жуық).


Жыл соңына дейін барлық шаруашылықтар 300 мың тоннаға жуық ет өндіреді деп күтілуде.

Айта кету керек, 2019 жылы республикада 223 мың тонна құс еті өндірілді, ал 2018 жылы 192 мың тонна. Өндірістің тұрақты өсуіне байланысты құс етінің импорты 4% -ға азайды.  2018 жылы 49%  болса, 2019 жылы 45% -ға түсті.


Ет өндірісін дамыту бағдарламасын жүзеге асырумен, сонымен қатар құс етін өндіруді мемлекеттік қолдау шаралары жүйелі жүргізілгендіктен құс шаруашылығы өзінің тиісті нәтижесін берді. Атап айтқанда, құс етін одан әрі импортты алмастыруға арналған құс шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында жаңа құс фабрикаларын салу және қолданыстағы модернизацияны қаржыландыру шаралары қабылдануда.


Бүгінде Қазақстанда 5 құс фабрикасының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, Алматыдағы (OTAN Green Food ЖШС), Атыраудағы («Meken Chicken» ЖШС) және Қостанай («Комсомольская птицефабрика» ЖШС) құс фабрикаларын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.


Еліміздегі жоғары сапалы өнім өндіретін қазіргі заманғы құс фабрикаларының бірі Шымкент қаласында орналасқан. «Шымкент құс» ЖШС 14 жылдан бері жұмыртқа мен бройлер етін өндіріп келеді.


Зауытта жылына 115 млн жұмыртқа және 2 мың тонна ет өндіріледі. Қазір құстардың жалпы саны 600 мыңнан асады, олардың ішінде 400 мыңға жуығы тауықтар, 92 мыңнан астам бас жануар мен 115 мың бройлер бар. Компания 320 адамды жұмыспен қамтып отыр, олардың орташа жалақысы 105 мың теңге.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg