Қазақстанда коронавирус індетінен 76 адам қайтыс болды

30 маусым мен 6 шілде аралығында

Фото: Аскар Ахметуллин

30 маусым мен 6 шілде аралығында Қазақстанда коронавирус індетінен 76 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ақмола облысы - 9:
1964, 1964, 1977, 1963, 1942 жылдары туған ер азаматтар,
1967, 1960, 1968, 1956 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Алматы облысы - 3:
1960, 1954, 1944 жылдары туған ер азаматтар,

Атырау облысы - 7:
1963, 1965, 1951 жылдары туған ер азаматтар,
1947, 1980, 1972, 1947 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Шығыс Қазақстан облысы - 1:
1961 жылы туған ер адам.

Жамбыл облысы - 2:
1964, 1927 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Батыс Қазақстан облысы - 7:
1941, 1968, 1955 жылдары туған ер азаматтар,
1942, 1952, 1943, 1952 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Қызылорда облысы - 1:
1960 жылы туған әйел адам.

Қарағанды облысы - 24:
1958, 1946, 1947, 1942, 1958, 1940, 1932, 1952, 1943, 1946, 1960, 1935, 1964, 1935 жылдары туған ер азаматтар,
1950, 1947, 1949, 1961, 1947, 1958, 1954, 1936, 1972, 1940 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Маңғыстау облысы - 5:
1960, 1980, 1949 жылдары туған ер азаматтар,
1965 және 1942 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Солтүстік Қазақстан облысы - 4:
1959 және 1964 жылдары туған ер азаматтар,
1938 және 1955 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Түркістан облысы - 2:
1956 жылы дүниеге келген ер азамат,
1958 жылы туған әйел адам.

Павлодар облысы - 1:
1988 жылы туған ер адам.

Нұр Сұлтан қаласы - 2:
1943 және 1954 жылдары туған ер азаматтар,

Алматы қаласы - 4,
1963 жылы туылған ер адам,
1978, 1940, 1957 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Шымкент қаласы - 4,
1962 және 1972 жылдары туған ер азаматтар,
1966 және 1944 жылдары дүниеге келген әйел адамдар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстанда барлығы 264 адам қайтыс болды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg