Қазақстанда егін ору науқанына дайындық басталды 

Елімізде биыл 22,5 млн га егін егілді

Фото: Курсив

ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров және министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте егіннің жай-күйі және ауылшаруашылық дақылдарының фитосанитарлық қорғалуы, күзгі науқанға дайындық, сондай-ақ елдің агроөнеркәсіптік кешенін қаржыландыру туралы ақпараттармен бөлісті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бағалауы бойынша, Қазақстанда 2020 жылғы көктемгі егіс жұмыстары сапалы және өз уақытында жүргізілді. Короновирустық пандемияға байланысты шектеулерге қарамастан, фермерлер  жеңілдетілген жанар-жағармаймен, сапалы тұқым, тыңайтқыштар және жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бұған дейін хабарлағанымыздай,  республикада  барлығы 22,5 млн га егін егілді.

Мемлекеттік қолдау көлемінің артуы арқасында минералды тыңайтқыштарды қолдану бойынша жақсы нәтижеге қол жеткіздік. Биыл диқандар топыраққа 450 мың тонна тыңайтқыш қосты.

Әкімдіктердің қазіргі мәліметі бойынша дәнді және бұршақ дақылдарының егістік жағдайы жақсы (егістіктің 48%-ы), қанағаттанарлық (49%) және қанағаттанарлықсыз (3%) деп бағаланып отыр. Дәнді дақылдардың негізгі бөлігі түптеу кезеңінде 31%, сабақ шығару кезеңінде 55%,  масақтану кезеңінде 12% құрап тұр. Алдағы уақыттағы дақылдардың жалпы жай-күйі табиғи-климаттық жағдайларға және уақтылы өңделуіне байланысты болмақ.

Бүгінгі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі дақылдарды әсіресе шегіртке зиянкестерінен қорғауды қамтамасыз ету маңызды деп санайды. 2020 жылы зиянкестермен күресуге республикалық және жергілікті бюджеттен 1,5 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Жәндіктердің таралу ошақтарын анықтау үшін мыңнан астам маман тартылды. GPS навигаторлары және трекерлерінің көмегімен шамамен 40 млн га ауылшаруашылық жерлерін бақылау жүргізілді. Химиялық өңдеуге 150-ге жуық арнайы техника - әуе кемесі мен жеңіл ұшақтар, шашыратқыштар және аэрозольдік газ генераторлары жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта Жамбыл және Түркістан облыстарында мароккалық шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу аяқталды, ал итальяндық прус және азиялық шегірткелерді жою жұмыстары аяқталуға жақын. Сонымен қатар, тұрақсыз шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстары үздіксіз атқарылуда.

 «Химиялық өңдеу оңтайлы уақытта жоғары биологиялық тиімділікпен жүзеге асырылады. Мамандардың дайындалуы және олардың жұмысын тиімді үйлестіру нәтижесінде ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіру, сондай-ақ көршілес елдердегі шегіртке зиянкестерінің бізге қарай өтуі байқалмайды», - деді А. Сапаров.

Бірінші вице-министр егін жинауға қызу дайындық  жүріп жатқанын хабарлады. Атап айтқанда, элеваторлар мен астық қоймаларын дайындау жұмыстары басталды.

Республикада 189 лицензиялық астық қабылдау кәсіпорны бар, олардың жалпы сыйымдылығы шамамен 12,4 млн. тонна. Бұдан басқа, АШТӨ және лицензиясы жоқ астық қабылдау нысандары 14,7 млн. тонна астықты сақтау мүмкіндігіне ие. Осылайша, астықты сақтаудың жалпы көлемі 27 млн. тоннадан асады.

 «Қазіргі уақытта барлық лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны элеваторлардың материалдық-техникалық базасын дайындауға кірісті. Астық тазартқыш машиналардың, астықты кептіруге арналған жабдықтардың дайындығына және зиянкестерден залалсыздандыру шараларын жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінеді», - деді Айдарбек Сапаров.

Вице-министрдің айтуынша, елдің оңтүстік өңірлері егін жинауға кірісті. Картоп, көкөністер, бақша дақылдары мен күздік дақылдар жиналуда. Қазірдің өзінде 93 мың тонна бидай және 26 мың тонна арпа жиналды.

«ҚазАгро» холдингінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың 6 айында агроөнеркәсіптік кешенді несиелеуге 211 миллиард теңге бөлінген. Атап айтқанда, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруге 82 млрд. теңге, ауылшаруашылық техникаларын жаңартуға 48 млрд.теңге бөлінді, сонымен қатар жалпы құны 5,8 млрд.теңгеге 10 ірі инвестициялық жоба енгізілді.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 17 млрд. теңгеге 4 мыңнан астам микрокредит берілді, оның жартысын ауыл кәсіпкерлері алды.

Бірінші жартыжылдықта Холдингтің жұмысының нәтижесінде ауылдарда 3,8 мың жұмыс орны құрылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Холдинг өз қызметін оңтайландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: еншілес ұйымдардың саны жетіден үшке дейін қысқартылды.

Сондай-ақ, фермерлердің өтініші бойынша кепіл саясатына қойылатын талаптар жетілдірілді. Енді олардың қамтамасыз етілуі өтімділіктің ең жоғары коэффициентімен бағаланады. Сонымен бірге, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры кепілге қойылған жерлерге және басқа мүлікке өтімділік коэффициенттерін арттырды, болашақта қарыз алушының меншігіне айналатын кепілге қойылған мүлікті қабылдайды.

Пандемиядан зардап шеккен қарыз алушыларға кейінге қалдырылған төлем ұсынылады. 9,5 млрд.теңге сомасына 3378 қарыз алушының кейінге қалдыру өтініші мақұлданды. Бұл ауылдық жерлерде 9 мыңнан астам жұмыс орнын сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg