Қазақстанда 700 мың тоннадан астам азық-түлік қоры бар 

Бұдан өзге 402 миллионнан астам жұмыртқа және 2,1 миллион тонна азық-түлік бидайы бар

Фото:.kursiv.kz

Бұдан өзге, қоймалар мен элеваторларда 400 миллионнан астам тауық жұмыртқасы мен 2 миллион тонна азық-түлік бидайы сақталған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нұрбек Дайырбеков ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету туралы баяндады.

Вице-министр Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлерді 32 түрлі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуді бақылауға алғанын атап өтті.

 «Ағымдағы жылдың 24 шілдесіндегі жағдай бойынша республикада 713,8 мың тонна азық-түлік қоры бар, оның ішінде тұрақтандыру қорларында 34 мың тонна, өндіріс кәсіпорындарында 210 мың тонна, қоймаларда 155 мың тонна, ал бөлшек сауда желілерінде - 315 мың тоннадан астам.

Бұдан өзге 402 миллионнан астам жұмыртқа және 2,1 миллион тонна азық-түлік бидайы бар», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Вице-министрдің айтуынша, тез бұзылатын өнімдердің қоры бір апта немесе одан да көп, жарамдылық мерзімі ұзақ тауарларды сақтауды қамтамасыз ету бірнеше айға дейін созылады.

 «Айта кету керек, азық-түлік өндірісі жаңа өнім жинау есебінен артып, қор үнемі жаңарып, толықтырылып отырады. Сондықтан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің тапшылығы сезілмейді және күтілмейді. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларында тамақ өнімдерін өндіру көлемі ақшалай түрде 904 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4% -ға көп », - деді ол.

Сонымен бірге, спикер қазіргі уақытта Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат, қияр, қызанақ жинау жұмыстары жүріп жатқанын атап өтті. Сондықтан Ауыл шаруашылығы министрлігінде бағаның маусымдық төмендеуі күтілуде.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg