Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді

Жарияланды
4 айдың ішінде

Наурыз айынан маусым айына дейін Қазақстанда 150 мың науқас коронавирус пен пневмониядан емделді. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Басқарма төрағасы Болат Төкежанов айтты, деп хабарлады coronavirus2020.kz. 

Осы мақсатта МӘСҚ ауруханаларға 9 млрд. теңгеден астам қаржы төледі.

Сондай-ақ, провизорлық стационарларда төсек-күн саны айтарлықтай өсті: наурыз айында 21 мыңнан 100 мың төсек-күнге дейін. 

Медициналық көмек сапасын жақсарту үшін шілде айында медициналық ұйымдар үшін тарифтер артты. Енді Қор тарапынан провизорлық стационарда әрбір төсек-күн үшін 22 мың теңге, тәулік бойы стационарларда болу үшін 32 мың теңге, науқасты анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емдеу үшін – төсек-күн үшін 70 мың теңге.

Аталған қызметтер тарифін арттыру қор жеткізушілерінің санын кеңейтуге, коронавирус пен пневмония бар пациенттерді емдеуге жеке ауруханаларды белсенді тартуға, сондай-ақ стационарлардағы медициналық көмектің сапасын ынталандыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, медициналық сақтандыру қоры стационарлар мен емхана дәрігерлерінің жолдамалары бойынша 300 мыңға жуық ПТР зерттеулеріне 3,5 млрд теңгеден астам сомаға төлем жасады.

Коронавируспен күрес шараларына барлығы 56,7 млрд.теңге бағытталды. Халыққа көмек көрсету үшін 630 жеткізушімен, оның ішінде 13,4 млрд.теңге сомасына медициналық көмек көрсетуді қоса алғанда, стационарларда емделуге, ерекше еңбек жағдайлары үшін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуге – 38,1 млрд. теңге, ПТР-диагностикаға – 5,2 млрд. теңге сомасына шарттар жасалды.

Сондай-ақ оқыңыз