Қазақстан аумағына дәрі-дәрмекті жеткізу тәртібі жеделдетілді

Қысқа уақыттың ішінде дәрі-дәрімектер нарыққа түседі

Фото: Аскар Ахметуллин

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстан аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісі жеделдетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.


    «Қазақстан Республикасының аумағына дәрі-дәрмек заттарын әкелу үрдісін жеделдету жұмысын жоспарлаған едік. Қазір бұл нормативтік құжаттарға қол қойылды. Дәрі-дәрмек бүгінде жеңілдетілген тәртіппен қоймалардан бөлшектік компанияларға тікелей түсе бастады. Алдағы уақытта ол дәрі-дәрмектер дәріханаларға түседі. Яғни бұған дейінгі кедергілерді жойдық. Қысқа уақыттың ішінде дәрі-дәрімектер нарыққа түседі», - деді министр Алексей Цой.


Сонымен қатар ол Қазақстанның барлық өңірінде дәрі-дәрмек бағасын бақылау жұмысы күшейтілгенін мәлім етті. Әр облыста әкімдіктер жанынан арнайы топтар құрылды, олар дәрі-дәрмектердің белгіленген бағасын қадағалап отырады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg