Қауіпті селфи жасамақ болған жасөспірім ауыр халде

Жарияланды
Ол электр бағанасына шығып, 1,2,3,4 дәрежелі күйік алған

Алматы облысында смартфон камерасының көмегімен бірегей селфи-автопортрет жасауға әрекет жасаған кезде жазатайым оқиға тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылында 2005 жылы туған жасөспірім селфи – сурет түсірілімін жасау үшін, өзінің үйінің жанындағы көшедегі электр бағанасына шыққан. Электр тоғы соғуының нәтижесінде ол бағанадан жерге құлап, екі қолдың 1,2,3,4 дәрежелі электрлік күюін, жабық бас сүйек-ми жарақатын, мидың шайқалуы, беттің, дененің жұмсақ тіндерінің көптеген жаралары, төменгі еріннің және иектің тұсындағы құлатылған-жыртылған жаралар, екі білектің сүйектерінің сынуы, 1-2 дәрежелі травматикалық шок алған. Іле ауданының ауруханасына жатқызылған. Дәрігерлер жағдайын ауыр деп бағалайды.

Алматы облысы ТЖД селфи түсу кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелерін ескертеді:

– автомобиль және теміржол жолдарының қауіпті учаскелерінде, биік үйлердің шатырларында, салынып жатқан немесе құрылысы аяқталмаған ғимараттарда, электр бағаналарында және басқа да электр жабдықтарында, жартастар мен жартастардың шетінде және өмір мен денсаулыққа қауіпті басқа да орындарда селфи жасамаңыз;

– қозғалыстағы автомобильдің және басқа көліктің терезесінен шығып селфи жасамаңыз;

– жақын жерде орналасқан қауіпті жануарлармен селфи жасамаңыз;

– аударылып кетуі мүмкін қайықтың және басқа да жүзу құралдарының шетіне тұрып селфи жасамаңыз;

Адам өзін суретке түсіруге тырысқанда, оның назары шашыраңқы, денесі тепе-теңдігін жоғалтады, жан-жағына қарамайды және қауіп-қатерді сезінбейді. Сіз қауіпсіз жерде және сіздің өміріңізде ешқандай қауіп жоқ екеніне көз жеткізіп барып қана селфи жасаңыз.

 

Сондай-ақ оқыңыз