1 view

"Қарабұтақ-Қостанай" автожолының 60 шақырымында қозғалыс ашылады

Нысан толықтай пайдалануға 2022 жылы берілмек 

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы

Қостанай облысында республикалық маңызға ие «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» (389-515 шақырым) автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл қозғалыс жолдың екі учаскесінде ашылады деп жоспарлануда. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Жобаның жалпы ұзындығы 114 шақырымды құрайды. Автомобиль жолының 60 шақырымында қозғалыс 2020 жылы ашылады деп жоспарланған. Бұл – жолдың Денисовка және Перелески елдімекендері аралығындағы, Перелески елді мекені мен  Тобыл станциясы аралығындағы учаскелері. Жолшылар жолдың 30 шақырымында жол жабындысының төменгі қабатын, 15,5 шақырымында жоғарғы қабатын төседі.

 4 учаскедегі жұмыстарды Иврус» және «АБК-Автодор НС», «Казахдорстрой» және «Қостанай жолдары» компаниялары  жүргізіп жатыр. Жолдың 484-503 шақырымдарының аралығын қайта жаңартатын мердігерлік ұйым 2020 жылдың үшінші тоқсанында анықталатын болады. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарына шамамен 575 адам тартылып, техниканың  270 бірлігі жұмылдырылды. 

Еске салайық, жоба аясында су өткізу құбырлары, жол айырығы, қызмет көрсететін павильондары бар демалыс алаңдарының құрылысы қарастырылған. Қайта жаңарту жұмыстарынан өткен соң жол 2 жолағы бар ІІ техникалық санаттағы жолға сәйкестендірілмек. Жолшылар нысанды 2022 жылы пайдалануға береді деп жоспарлануда.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер