«Ингавирин» дәрісін заңсыз сатқан Алматы тұрғыны ұсталды

Жарияланды
Ол бір орамасын 7 500 теңгеден сатқан

ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Ингавирин» дәрі қаптамасын 7 500 теңгеден сатқан қала тұрғынын ұстады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Telegram каналы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 шілдедегі бұйрығына сәйкес бұл препараттың шекті бағасы бір орамға – 5 640 теңге.

Шара барысында қала тұрғыны жалпы сомасы 1 050 000 теңге болатын 140 орамды заңсыз сатуды жоспарлап отырғаны анықталды. 

Қазіргі уақытта, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  
 

Сондай-ақ оқыңыз