Індетпен  күресте алдыңғы шепте келе жатқан дәрігерлер марапатталды

Полиция қызметкерлері, еріктілер мен автобус жүргізушілері де алғыс хаттармен марапатталды 

Фото: Shutterstock

Нұр-Сұлтанда астана күніне орай медициналық қызметкерлерге мемлекеттік наградалар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан алғыс хаттар табыс етілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының ресми интернет-ресурсы мәлімдеді.

 Сонымен қатар елорданың дамуына үлес қосқан тұрғындар астананың құрметті тұрғыны атағына ие болды. III дәрежелі "Барыс" орденімен көпбейінді медицина орталығының бас дәрігерінің орынбасары Сәуле Атығаева, "Парасат" орденімен жұқпалы аурулар госпиталінің бас дәрігері Анна Цепке, "Құрмет" орденімен дәрігер-реаниматолог Илья Логвиненко, жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев, "Ерен еңбегі үшін" медальдарымен анестезиолог-реаниматолог Иван Вахрушев, сондай-ақ, дәрігер-инфекционист "Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жол ауруханасы" ЖШС бөлімшесінің меңгерушісі марапатталды. 

Коронавирус індетімен күресте алдыңғы шепте келе жатқан 20-дан астам медицина қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Пандемия кезінде қала тұрғындарына азық-түлік себеттерін, дәрі-дәрмектерді жеткізіп, блок-посттардың жұмысын реттеуге ат салысқан еріктілер ел басшылығының атынан алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен бірге елорда әкімі Алтай Көлгінов бүгін астананың құрметті тұрғындары атағын екі ардагерге табыс етті.

Кандидатураларды депутаттар қалалық мәслихат сессиясында қолдады. Отызбай Сүйіндіков 1953 жылдан бастап мұғалім болып қызмет атқарды. Ол 30 жылдан астам уақыт педагогикалық училищеде жұмыс істеді және болашақ педагогтарды тәрбиеледі. Елорданың құрметті тұрғыны атағы хирург Владимир Баумейстерге берілді. Ол 15 мыңнан астам операция, 13 мыңнан астам зерттеу жұмыстарын жүргізді.

 "Бүгінде марапатталушылардың басым бөлігі онлайн-режимде қатысып жатыр. Әрқайсыңыз коронавирусқа қарсы күреске үлкен үлес қосып жатырсыз. Мен үшін сіздерге Мемлекет басшысының атынан наградалар тапсыру үлкен құрмет. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерлері, күн сайын медициналық қызметкерлерді жұмысқа алып келетін автобус жүргізушілері де алғыс хаттармен марапатталды. Әр адамның індетпен күреске қосып жатқан үлесін бағалаймыз. Келе жатқан астана күні құтты болсын", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg