Фармкомпаниялар мұндай дүрлігуді күткен жоқ

Бір аптаның ішінде дексаметазон мен ең тапшы өнімдерге деген  шиеленіс азаймақ

Фото: Shutterstock

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен селекторлық жиын өткізді, онда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды тоқтаусыз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

Өндірістік компаниялардың, дәріханалық желілердің және салалық қауымдастық өкілдері дәрілік құралдардың қоры мен жоспарлы жеткізілімдер туралы хабарлады. Сонымен бірге, олар тауарларды рәсімдеу және оларды алу процедуралары туралы айтты. 

Дәріханалардағы дәрі-дәрімектердің бар-жоғана қатысты сұрақтар көлемін ескере отырып, «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия Ерімбетова осы жағдай туралы, сонымен бірге кезекке қатысты түсініктеме берді.

 «Кезектер бар, әлеуметтік  қашықтықты сақтау керек екенін ескере отырып, 20-25 адамнан артық кіргізбейміз. Науқастар саны көп, бірақ біз жағдайдың түзеліп келе жатқанын байқап отырмыз. Алматыға тауар тоқтаусыз келуде, "INKAR" ЖШС-не 1 млн астам парацетамол келді», — деді Әлия Ерімбетова.
 Сонымен бірге, жүкті жөнелтуге байланысты адам факторы тұрғысынан үлкен қиындықтар бар. Соған қарамастан, қазір бүкіл кеңсе жұмыс істеп тұр, адамдар тауарды босатып алу  үшін демалыссыз еңбек етуде. 

Сонымен қатар, ол бұл жаңа вирус және фармкомпаниялар да мұндай дүрлігуді күткен жоқ деп атап өтті. Сондай-ақ, Әлия Ерімбетова өнімнің сапасы бұрынғысынша жоғары деңгейде екеніне сендірді.

 «Біз барлық ауруханаларды тауарлармен қамтамасыз етеміз, базар мұндай сұранысқа ие болмады, антибиотиктер әдетте тек рецепт бойынша сатылған. Наурыз айынан бастап БАҚ-да көптеген жаман нәрселер жазылды, дегенмен, ел мен қала басшылығы жағдайды шешуге, жеңуге өте мүдделі деп санаймын, ол үшін көптеген дұрыс қадамдар жасалды. Біз ұшақтарды ақысыз жеткізу ұйымын күтеміз — енді жеткізушіні таңдау қалады. Қазір үкімет бәріне қолайлы болу жолдарын қарастыруда – барлық мүмкін нәрсені тездетіп, жеңілдетуде. Өз кезегінде, өндірушілер халық үшін өткізу жүйесі жолға қойылған ескі компаниялардың жеткізуіне басымдық береді», — деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, ол дәріханаларда коронавирустық пандемияны ескере отырып, халық арасында ең танымал 41 дәрі-дәрмектің бар екендігі туралы түсіндірді.

 «Бір аптаның ішінде дексаметазон мен ең тапшы өнімдерге деген  шиеленіс азаяды», — деді Әлия Ерімбетова.

Еске салсақ, бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері талқыланған селекторлық кеңес өткізді. Қала әкімі тиісті қызметтерге дәрі-дәрмектер мен өнімдердің үздіксіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болған жағдайда салықтық және кедендік әкімшілендіруді, сондай-ақ импорттық тауарға сәйкестік сертификаттарын алу рәсімін жеделдетуді де тапсырды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg