«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен 217,6 мың адам жұмысқа орналасқан

Оның 102,6 мыңы тұрақты жұмысқа тұрған

Фото: Shutterstock

Ағымдағы жылдың 6 айында 283 мың адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол арқылы 217,6 мың адам жұмысқа орналастырылса, оның ішінде 102,6 мың адам тұрақты жұмысқа тұрды.

118 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарымен қамтылды, оның ішінде 15 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 мың адам жастар практикасына, 89 мың адам қоғамдық жұмыстарға орналастырылды.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру мақсатында үстіміздегі жылдың 1 шілдесі жұмыс күші артық оңтүстік өңірлерден 3019 адам, яғни 853 отбасы қоныс аударды.

2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қысқа мерзімді оқу курстарына 7,2 адам жіберілді, оның ішінде 342 адам оқуды аяқтап, 148 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы, жыл соңына дейін бұл шарамен 18,8 мың азаматты қамту жоспарланып отыр.

Мемлекеттік бағдарлама аясында жыл басынан бері жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 17,6 млрд. теңге сомасына 3 931 микрокредит берілді, оның ішінде 4 165 жұмыс орнын ашқан ауылдық кәсіпкерлерге 14,6 млрд. теңгеге 3 687 микрокредит берілді.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында микрокредиттеуді 2020 жылға дейін қаржыландыру көлемі 54,2 млрд теңгені құрайды, оның 79,9%-ы (43,3 млрд теңге) ауылдық жерлерге және 20,1%-ы (10,9 млрд теңге) қалаларға келеді.

Сондай-ақ, бағдарламаға қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 200 АЕК мөлшерінде 24 мыңнан астам мемлекеттік грант беріледі. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінде 10,8 мың грант бөлініп үлгерді.

Бұдан тыс, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 30 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылады.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg