Елордада жедел жәрдем шақыру саны 5 есе азайды 

Ауруханада төсек-орын қажеттілігі 90%-дан 45%-ға төмендеді

Фото: Shutterstock

Карантин шаралары мен амбулаториялық емдеуді күшейту нәтижесінде ауруханалар мен дәрігерлердің жүктемесі азайған. Елордада 27 шілдеге дейін КВИ жұқтырған 10 070 науқас тіркелді. Оның ішінде 6766 адам немесе 67%-ы сауығып, ауруханадан шығарылды, 966 адам қала ауруханаларында ем алуда. 5 шілдеден бастап инфекциялық және провизорлық стационарларда емделіп жатқандар саны 48% (3357-ден 1758 адамға дейін) азайған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сәйкесінше төсек-орын қажеттілігі 90%-дан 45%-ға дейін төмендеп, бос төсек-орын саны 369-дан 2000-ға дейін артқан. 

 «Пневмониямен түскен стационарлық емдегі науқастар саны 44% (1333-тен 746-ға дейін) азайды. Жедел жәрдем станциясына жүгінетіндер 53% (тәулігіне 3410-нан 1608-ге дейін), шақырулар 56% (тәулігіне 2368-ден 1039-ға дейін), КВИ бойынша шақырулар саны тәулігіне бес есе – 350-ден 73-ке дейін азайды. Бірақ індет ешқайда кеткен жоқ. Сондықтан карантин шараларын қатаң сақтау қажет: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтаған жөн», – деді Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Әлия Рүстемова брифингте. 

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын анықтау үшін ПТР-тестілеуді тоғыз зертхана жүргізеді. Оның ішінде жеті мемлекеттік, екі жеке зертхана. Олардың жалпы қуаттылығы 5,5 мың зерттеуге дейін. Пандемия кезінде 284 мың ПТР тест алынды. Соңғы үш апта ішінде зертханаларда тәулігіне орташа 2500 тест жасалады. Бұл маусым айына қарағанда 30%-ға төмен (саны 3500). Қаланың барлық емханаларында провизорлық бөлімшелер ұйымдастырылған. Онда ЖРВИ және пневмония белгілері бар науқастардан жағынды алынады. Сондай-ақ мобильді бригадалар да құрылды, олар үйде симптомсыз вирус тасымалдаушылардан, сондай-ақ COVID-19 науқастарымен жақын қарым-қатынаста болған адамдардан материал алады.

 «Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында ПТР тест тапсыру проблемалары жоқ. Қазіргі уақытта қала әкімдігі қосымша зертханалық құрал-жабдықтарды сатып алу есебінен елорда тұрғындары үшін тестілік зерттеу санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар коронавирус инфекциясының белгілері мен эпидемиологиялық анамнез болмаған жағдайда ПТР тест тапсырудың қажеті жоқ» – деп атап өтті Ә.Рүстемова. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg