Елордада өкпесі 100% зақымданған науқас сауығып шықты 

Нұр-Сұлтанда 5 935 адам індеттен жазылды

Фото: Shutterstock

53 жасар Нұр-Сұлтан тұрғыны Александр Ильин 2 шілдеде ауыр халде ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

ПТР-тест (полимеразды тізбекті реакция) аурудың барын көрсетіп, ер адам коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталған. Науқастың жағдайын буын ауруы мен екінші дәрежелі семіздік қиындатқан.
 Дәрігерлердің күшімен А.Ильин коронавирус инфекциясынан сауығып, емханадан шығарылды. Дегенмен, ағза толық қалпына келу үшін одан әрі оңалтатын ем-дом жасау қажет. Науқас барлық дәрігерлерге кәсіби біліктілігі мен көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Александр Ильин де медицина қызметкерлерінің аянбай көрсеткен көмегінің арқасында айығып шыққан көп науқастың бірі.

59 жасар Виктор Чулковский де өкпесі 80% қабынып, коронавирус инфекциясымен стационарда 14 күн жатқан. Дәрігерлердің қамқорлығы мен біліктілігінің арқасында сауығып шықты. 

 «Қажырлы еңбектері мен жұмыстары үшін, асқан жауапкершілікпен қарағандары үшін дәрігерлерге алғыс айтамын. Денсаулық пен барлық жақсылықты тілеймін», – дейді науқас. 

Елорда тұрғыны Камария Оразалинованың жағдайы да қиын болған. 

 «Ауыр дерттен кейін үйге оралатыныма өте қуаныштымын. Мен короновирус инфекциясымен және 90% өкпем қабынып ауруханаға түстім. 12 күн ем қабылдадым. Дәрігерлер мені аяққа тұрғызды. Өте ризамын. Жағдайым өте ауыр болды, қазір мен сөйлесіп отыра аламын, қалыпты өмірге оралып келемін», – дейді К.Оразалинова.

Нұр-Сұлтанда барлығы 8 832 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның 5 935-і ауруынан емделіп шықты.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Қазақстанда карантинді біртіндеп жеңілдету жоспарланып отыр

Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақтанған

Фото: Асқар Ахметуллин

Үкімет басшысы Асқар Мамин Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссия қарауына ұсынуды тапсырды. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпидепиологиялық ахуалдың біршама тұрақтануы 5 тамызға дейін жариялаған карантинді біртіндеп жеңілдетуге мүмкіндік береді. 

Қазіргі кезде елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асып, соның ішінде  73702 пациент емделіп шықса, 1269 адам қайтыс болды. Сонымен қатар КВИ белгілері бар пневмонияны 13 337 адам жұқтырған, бұл аурудан 173 адам көз жұмды. 

«Жалпы қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде еліміздегі коронавирустың таралуы деңгейі және осыған байланысты барлық көрсеткіштер қарқынды төмендеуі тіркеліп отыр. Соның ішінде вирустық репродуктивтілік деңгейінің орташа көрсеткіші 0,82 пайызға дейін төмендеді. Емделіп шыққандардың үлесі 73,6 пайызды құрап отыр», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.

Алексей Цой  келтірген мәлімет бойынша, вирус репродуктивтілігі немесе 1 науқастың өзгелерге жұқтыру көрсеткіші 1,72 болатын. Карантин енгізгеннен кейін репродуктивтілік көрсеткіші екі есе, 0,82-ге дейін төмендеген. Бес апталық каран ин кезінде ауру-сырқауда азайған. Керентинге дейін 100 адамғар шақққанда 56,73 адама вирус жұқтырса, шектеу шараларының арқасында бұл сан 36,2 дейін азайған. 

Осы аралықта ауруханадағы орындар жүктемесі 62%-ға азайған. Мобильді бригадалардың қатары 7,6 есе өсіп, қазір 3640 бригада жұмыс істеп тұр. Жедел жәрдем шақыру 62%-ға,  жалпы ел бойынша аурудың күн сайынғы өсімі 2 есе төмендеген. 

«Караннтиді тек қатаң түрде маска тағып, бұкіл ақпарат арналары арқылы  халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу арқылы ғана жеңілдету керек», – деді Цой. 

Карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету жайлы нақты жоспар бейсенбі күнгі үкімет отырысында қаралатын болады. 

 

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg