Елордада құрбан шалу рәсімі тек онлайн ұйымдастырылады 

Жарияланды
Қала мешіттерінде 31 шілде күні Айт намазы оқылмайды

Нұр-Сұлтанда дәстүрлі құрбан шалу орындары жабық болады. Құрбан шалу үшін «Qurban2020.kz» сайты іске қосылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық дін істері басқармасы қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбан шалу тәртібін түсіндірді. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты қала мешіттерінде 31 шілде күні Айт намазы оқылмайды. 
Қоғамдық қауіпсіздікті, адамдардың көп жиналмауын қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында орналасқан дәстүрлі құрбан шалу орындары (базарлар, шаруа қожалықтары) жабық болады. 

 «Осы орайда, алғаш рет қашықтан құрбан шалуды ұйымдастыру мақсатында «qurban2020.kz» сайты іске қосылды. Аталған сайтта кез келген азамат онлайн түрде құрбан шалуға тапсырыс бере алады. Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға үлестіріледі», – делінген хабарламада.

«Qurban2020.kz» сайтында мұқтаж жандарға арнайы «Құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру» фунциясы да іске қосылды. Тиісті құжаттарды жүктеу арқылы мұқтаж отбасылар әлеуметтік көмек алу үшін онлайн өтініш жолдай алады. Сонымен қатар елорда аумағына сату мақсатында ірі қара мал мен қой кіргізу шектеледі. Дін істері басқармасы тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Биыл Құрбан айт мерекесі 31 шілде мен 2 тамыз аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз