Елордада ауқымды абаттандыру жүргізілуде

150-ге жуық аула абаттандырылады

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Биыл елордада 150-ге жуық аула абаттандырылады, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, ішкі орамдық жолдарды жөндеу мен жарықтандыру жұмыстарына айрықша мән берілуде. Қазір қала аумағында 1560 аула бар.

Олардың шамамен 70 пайызы абаттандырылған. Бұл жұмыстар қаланың барлық аудандары бойынша қарқынды жүруде. Биыл 150 аула мен 50-ге жуық қоғамдық орын абаттандырылады.

Атап айтқанда, Сарыарқа ауданында – 40, Алматы ауданында – 33, Байқоңыр ауданында – 70, Есіл ауданында – 20 аула абаттандырылып, тұрғындар игілігіне беріледі.

Бұл ретте аула аумақтарын, ойын алаңдарын жасау азаматтардың пікірлерін ескере отырып жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Ол үшін биыл барлық бағыттарда «Бюджетке қатысу» бағдарламасы іске қосылды. Яғни, қай ауланы абаттандыру керек және балалар алаңында нені көргісі келетінін тұрғындардың өздері шешеді.

Айталық, Сарыарқа ауданында жөндеу жоспарланған 40 ауланың 13-і «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша жүзеге асуда.

Есіл ауданында да биыл 20 жаңа аула салынады. Сондай-ақ 5 қоғамдық кеңістік абаттандырылуда.

    «Аула аумақтарын абаттандыруда барлық заманауи стандарттар ескерілген. Қолданылатын материалдар сертификатталған. Спорт алаңдарында қауіпсіз резеңке төсемдер, жаттығу кешендері орнатылды. Сондай-ақ аумағы бойынша сәйкес келетін аулалардың барлығына футбол, волейбол және баскетбол алаңдары салынуда. Ал шағын сәулеттік нысандарды орнатқан кезде жарақат алу жағдайын болдырмас үшін жеке қауіпсіздік аймағы ескеріледі», – дейді мамандар.

Ал Байқоңыр ауданында 20 ауланы абаттандыру бойынша жұмыстар аяқталды.

   «Аудан бойынша биыл 70 ауланы қайта жаңғырту жоспарланған. Сонымен қатар тұрғын алаптары да абаттандырылуда», – дейді Байқоңыр ауданының абаттандыру бөлімінің бастығы Нұрбол Айтбеков.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg