Елордада 78 адам карантин тәртібін бұзған

Оның 57-і маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтамаған

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтынан

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макеннің төрағалығымен бейне-байланыс арқылы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штаб отырысы өтті, деп хабарлайды covid19.astana.kz сайты.

Отырыс барысында COVID-19-ға қарсы әрекет ету комиссиясының жұмыс барысы, аудандық мониторинг топтарының санитарлық-эпидемиологиялық және шектеу шаралары талаптарының сақталуы, сондай-ақ елорда дәріханаларындағы дәрі-дәрмектердің бағасы мен қол жетімділігін бақылау мәселелері талқыланды.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының аумағында аудандық мобильді мониторинг топтары құрылған.

Топтардың міндеті – жүргізіліп жатқан карантин шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, санитарлық қорғаныс құралдарының (санитайзерлер, тепловизорлар, маскалар және т.б.) бар-жоғын тексеру, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпкерлік субъектілерінің карантин режимін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу.

   «Есепті кезеңде – үстіміздегі жылдың 5-ші және 20-шы шілдесі аралығында мобильді мониторингтік топтар 335 кәсіпкерлік субъектілеріне санитарлық нормаларды сақтау бойынша тексеру өткізді, 159 субъектіде бұзушылықтар анықталды. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен карантин шаралары кезеңінде жұмыс режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 20 әкімшілік материал жасалып, 20 әкімшілік айыппұл салынды (шағын кәсіпкерліктің әрқайсысы 230 АЕК мөлшерінде, егер төлем 7 күн ішінде жасалса, қысқартылған тәртіппен – 115 АЕК, орта бизнес – 310 АЕК, қысқартылған тәртіппен – 155 АЕК)», – деді елорда әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі сараптамалық-мониторинг тобының жетекшісі Шыңғыс Қуатбеков.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіретін мобильді топтар 78 карантин тәртібін бұзушылықты анықтады. Оның 57-і маска тағу және әлеуметтік қашықтық сақтаудың міндетті талаптарын бұзғандар.

    «Барлық мемлекеттік органдар халық арасында түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, азаматтарды қоғамдық орындарда санитарлық нормаларды сақтауға шақыруы керек. Демалыс күндері тұрғындар топтық ойын-сауық ұйымдастырып, елорда шетіндегі көлдерде карантин режимін ғана емес, қоршаған ортаны да ластауда», – деді Бақтияр Макен.

Отырыс соңында Нұр-Сұлтан әкімінің орынбасары аудан әкімдіктеріне полиция департаментімен, Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментімен бірлесіп, қала маңындағы аудандарға рейд жүргізуді және карантин режимі мен қоршаған ортаны қорғау қажеттілігі туралы халықпен профилактикалық әңгімелесу жүргізуді тапсырды.

 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметке қалай онлайн тапсырыс беруге болады?

Қажетті құжаттарды үйден шықпай-ақ алыңыз

Фото: Shutterstock

Соңғы уақытта көпшілік eGov.kz порталын жиі пайдалана бастады. Порталды тек қана 42 500 теңгеге өтініш беру үшін ғана емес, басқа да қызметтері үшін жиі қолдануға мүмкіндік бар. 

    Көбіміз біле бермейтін, білсек те мән бермейтін қызметтер «Азаматтарға арналған үкімет» порталында самсап тұрғанын ескеру керек. Бір емес, 24 қызмет түрін үйде отырып-ақ рәсімдеуге болады. Аталған 24 қызметтің барлығы дерлік еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік көмек көрсету жобалары. 

    Қызмет түрін алу үшін алдымен порталға авторизация жасау қажет. Яғни, өзіңіздің жеке ЭЦҚ кілтіңізді ашасыз. Оны қалай ашу керегін мына сілтемеге өтіп түсініп алсаңыз болады. Одан кейін басты бетте орналасқан «Электронды өтініштер» сервисін таңдап, әрі қарай қызметке тапсырыс бересіз. «Онлайн сұрау» сервисін таңдаған соң «құру» батырмасын басасыз. Одан әрі жаңа терезе ашылып, сол жерден «мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы» бағанында қажетті көрсетілетін қызметті таңдап, бағандарды толтырып шығасыз. Кейін сол қызметке жауапты болып саналатын мемлекеттік органды белгілейсіз. Содан соң тиісті құжаттарды бірге тіркеп, өтінімге ЭЦҚ арқылы қол қойып, жолдайсыз. 

    «Электронды өтініштер» сервисі көмегімен мына қызметтерді онлайн алуға болады: 

•    Мүгедектерде протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету; 
•    Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу; 
•    Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы тағайындау; 
•    Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау; 
•    Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту; 
•    Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау; 
•    Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау; 
•    Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау; 
•    Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру; 
•    Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін ҚР азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау; 
•    Ақталған адамға куәлік беру; 
•    Мүгедектігі және /немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және /немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау; 
•    Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды рәсімдеу; 
•    «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту; 
•    Көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау; 
•    Жүкті болу мен босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау; 
•    Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту; 
•    Мүгедектерге кресло-арбалар беру; 
•    Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету; 
•    Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу. 

Қажетті құжаттар тізімімен және өтініш үлгісімен қызметті таңдаған кезде көрсетілетін сілтеме бойынша өтіп, порталда танысуға болады.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg