Елордада 11 дәріхана иелеріне алып-сатарлық жасағаны үшін айыппұл салынды

180 570 теңге айыппұл салынды

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтынан

Қалалық прокуратура, полиция, мемлекеттік кірістер, экономикалық тергеу, фармацевтикалық бақылау қызметкерлерінен тұратын мобильді топ күн сайын дәрі-дәрмектермен алыпсатарлық фактілерінің жолын кесу үшін жұмыс істеуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, I-teka қосымшасын қолдана отырып, әлеуметтік желілердегі (Инстаграм, Facebook, Тelegram, WhatsApp) хабарламаларды зерделеу арқылы бағалар үнемі қадағаланады. 30 дәріхана дәрі-дәрмектерді, сонымен қатар Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен сататыны анықталды.

Қаралған материалдар негізінде 11 дәріхана иесі фармацевтикалық қызмет ережелерін және дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың айналымын бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Олардың әрқайсысына 180 570 теңге айыппұл салынды.

Атап айтқанда, «Лайм Фарм» ЖК, «Асильбаева Д.А.» ЖК, «Ансар-Фарм» ЖШС, «Medi Lab Smartpharma» ЖШС, «Баязитова Ж.К.» ЖК, «Абдильбаева А.Т.» ЖК, «Мамаева А.К.» ЖК, «Сулейменова А.Ж.» ЖК, «Базикова и ЮК» ЖШС, «Фарм-Бизнес Астана» ЖШС, «Бермаханова К. Ш.» ЖК жауапкершілікке тартылды.

  «Егер заң бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, фармацевтикалық қызметпен айналысу лицензиясының қолданысын бір айдан алты айға дейін тоқтата тұру түрінде жауапкершілік қаралады», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасының хабарламасында.

19 дәріхана үшін материалдар уәкілетті органмен жинақталып зерттелуде. Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді сату фактілері бойынша екі құқық бұзушыға қатысты материалдар сот қарауында.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg