Елорда күнінің барлық іс-шаралары онлайн режимде өтеді

Жарияланды
Мереке қарсаныңда  үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады

Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады.

Мысалы «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген.

Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек.
 

Сондай-ақ оқыңыз