Елорда дәрігерлері індет жұқтырған әйелді босандырып, емдеп шығарды

Ауыр халде келген ананың өкпесі 80% зақымданып кеткен 

Фото: Shutterstock

№1 көпсалалы аурухана дәрігерлері қажырлы еңбегінің арқасында екі елордалықтың – 39 жастағы әйел мен оның жаңа туған сәбиінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. 

Емхананың акушерлік бөлімшесінде вирустық пневмония (80% зақымдану), интоксикация синдромы және артериялық гипертензия салдарынан тыныс жетіспеушілігімен ауыр халде жүкті әйел келіп түсті. 

  «Қабылдау кезіндегі әйелдің жүктілік мерзімі 34 апта 6 күн болған. Оған COVID-19-дың ауыр түрі, екі жақты полецегменттік пневмония, сондай-ақ қалыпты преэклампсия диагнозы (жүкіт әйелде жоғары қан қысымының болуы) қойылған болатын», – дейді аурухана қызметкерлері. 

Дәрігерлер бірден-бір дұрыс шешім қабылдап, кесарево тілігін жасады. Салмағы 2,3 келі болатын шала туылған қыз бала дүниеге келді. Нәресте дереу реанимация бөліміне ауыстырылып, оған интенсивті бақылау мен емдеу жүргізілді. Сонымен бірге дәрігерлер ана өмірі үшін күресті. 

Операциядан кейін ол реанимация және интенсивті терапия бөліміне орналастырылып, онда 12 күн жатты. Жеті күн бойы ол өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныс алды. Жағдайы тұрақтандырылғаннан кейін емдеу қарқынды бақылау палатасында жалғастырылды.

Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің күш-жігерінің арқасында жасалған емнен кейін ана мен бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылды.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg