Елімізде тәулігіне 772 мың дана бетперде шығарады

Қоймаларда 4  млн-нан астам маска бар

Фото:ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  телеграм каналы

Қазақстанда күніне 772 мың дана бетперде өндіріледі. Оның ішінде фармацевтикалық кәсіпорындар 567 мың, тігін кәсіпорындары 204 мың дана өндірді. Қоймаларда 4  млн.-нан астам бетперде бар. Тиісті ақпарат "СҚ-Фармация" ЖШС-не беріліп тұрады. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өндірілген өнімді ел өңірлеріне бөледі. Бұл ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің  телеграм каналы хабарлады.

Бүгінде дәке және бөзден тігілген бетперделер атқарушы органдармен жасалған шарт негізінде жеткізіледі.
Қазіргі кезде бетперделер өндірісі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қатаң бақылауына алынды. Қосымша өндірісті іске қосу және өндірісті кеңейту нәтижесінде бетперделер өндірісінің көлемі тәулігіне 1 млн. данаға жетті.

Залалсыздандыру  құралдарына келсек,  ағымдағы жылдың 30 маусымында 63 350 литр залалсыздандыру құралдары шығарылды. Қоймада 331 576 литр, тұтынушыларға көшелер мен үй-жайларды тазалау үшін және дәріхана желілеріне 56 730 литр жөнелтілді.

Анықтамалық:

Фармацевтикалық кәсіпорындар: "Dolce" ЖШС (Алматы обл.) 178 675 дана/тәулік, "Medical Active Group" ЖШС (Алматы қ.) 3000 дана/тәулік, "MegaPharma" ЖШС (Жамбыл обл.) 50 000 дана/тәулік, "ТК-Фарм Ақтөбе" ЖШС (Ақтөбе қ.) 40 000 дана/тәулік, "Ecos" ЖШС (Алматы қ.) 2 000 дана/тәулік, «Bizhon» ЖШС (Шымкент қ.) 66 500 дана / тәулік, "Болашақ 2019" ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 45 000 дана/тәулік," Vita Pharma " ЖШС (Нұр-Cұлтан қ.) 2 000 дана/тәулік, BIONIC-PRO ЖШС (Нұр-Сұлтан қ.) 180 000 дана/тәулік.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg