Елімізде індеттің тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға төмендеді

Жарияланды
Нәтижелер - жақсы, дегенмен босаңсуға  ешбір негіз жоқ

Ағымдағы жылдың 5 маусымынан бастап енгізілген карантин нәтижесі өз нәтижесін берді. Бүгінгі таңда аурудың тәуліктік өсімі 4%-дан 1,7%-ға төмендеді. Аурудан жазылғандардың саны 66%-ға жеті. Бұл туралы Бұл туралы CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

Жедел жәрдем көмегін шақыру 40%-ға, оның ішінде КВИ-ға байланысты шақыру 42%-ға азайды. Ауруханада жататын орындардың қолдану деңгейі 90%-дан 40%-ға төмендеп отыр. Осыған байланысты 7 өңірде қосымша 15 провизорлық стационарлар жабылды. Жедел жәрдемді шақырғандардың саны 40%-ға, оның ішінде пневмония бойынша 35%-ға төмендеді.

Ауруханалар мен емханаларда бір айлық дәрі-дәрмек қорлары құрылды. Бұдан басқа, бөлшек сауда нарығын қолдау үшін шетелден 10 млн-ға жуық дәрі-дәрмектер Қазақстанға жеткізілді. Нәтижелер – жақсы, дегенмен босаңсуға  ешбір негіз жоқ. Керісінше, негізгі мақсатымыз – жеткен жетістіктерді әрі қарай жетілдіру. 
Осыған байланысты, Президентіміздің тапсырмасына орай, бүгін премьер-министрдің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия карантинді екі аптаға ұзартуға шешім қабылдады. 

Сондай-ақ оқыңыз