Дәрігерлер дезинфекциядан пневмония жұғады дегенді жоққа шығарды

Жарияланды
Олар бұл құралдарды 20 жыл пайдаланғанын мәлімдеді

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн интервью барысында Алматы онкологиялық орталығының директоры Нұрсұлтан Ізмағамбетов дезинфекция пневмонияның себебі болуы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Біз ауруханаларда міндетті түрде өмір бойы дезинфекциялық құралдарды пайдаланамыз. Аурухана ішінде инфекция болмауы үшін. Еден жуатын санитарлар. Жұмыс режимі аяқталғаннан кейін кабинеттерді дезинфекциялайтын медбикелер. Персонал, барлығы бірдей пневмониямен ауырмайды ғой. Біз осы дезинфекциялық құралдарды 20 жыл пайдаланып келеміз. Хлормен де. Осыдан кейін персонал пневмониямен ауырған болса,одан кейін жұмыс істеуге келісуі екіталай», — деді Нұрсұлтан Ізмағамбетов.

Ол подъездер, лифттер, жабық ғимараттарға дезинфекция жасау керектігін айтты. Себебі сөйлесу, түшкіру кезінде бөлінетін вирус баспалдақ тұтқаларында, қабырғаларда, лифт батырмаларында қалуы мүмкін.

Еске сала кетейік, Алматыда көпшілік орындарда, медициналық мекемелердің аумағында, сауда нысандарында, көпқабатты тұрғын үйлердің подъездері мен аулаларында және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық өңдеу жүргізіледі. Кіреберістер мен аулаларды дезинфекциялау үшін «Глюзамин» және «Акма-Хлор» деген 2 түрлі дезинфекциялық құрал қолданылады. Бұлар отандық өндірістегі тексеруден өткен, ҚР Кедендік Одағының санитарлық-гигиеналық талаптарына сәйкес келетін препараттар. Олар өндірілуіне, жүзеге асырылуы мен пайдаланылуына рұқсат етілген препараттар реестріне тіркелген. Аталған құралдар бактериялар, вирустар, қышымаларға қарсы тиімді, қауіптілігі төмен 3 топқа және қауіптілігі аз заттардың 4 тобына жатады, тітіркендіру әрекеті жоқ және адамдар үшін, жануарлар және құстар үшін зияны жоқ. 

Анықтама үшін: дезинфекция үшін «Акма-Хлор» құрамы бактерияға қарсы қасиетке ие, сонымен бірге, ерекше қауіпті инфекция қоздырғыштарына, сонымен бірге, аурухана ішіндегі инфекциялар қоздырғыштарын, метициллен-резистентті стафилококк, ванкомицин-резистентті энтерококк, көкіріңді таяқша, туберкулезді, сонымен бірге, Mycobacteriumterrae, вирулицидті, сондай-ақ, энтеральді және парентеральді гепатит (сонымен бірге, А, В және С гепатиттері), ЖИТС, полиомиелит, аденовирустар, энтеровирустарға, ротавирустарға, «атипиялық пневмония» вирустарына (SARS), H5N1 «құс» тұмауына,  А/H1N1 «шошқа тұмауына», адам тұмауына, герпес және басқалары), фунгицидке қарсы қолданылады.

«Акма-Хлор» құралы өте улылығына қарай ішке енгізілген кезде қауіптілігі төмен 3 топқа және теріге жағу кезінде қауіптілігі аз 4 топқа жатқызылады. Улылық параметрлері концентратқа қатысты белгіленген, көппәтерлі тұрғын үйлерді өңдеу үшін пайызы төмен ерітінді қолданылады.

Аталған құралды ғимараттардың қатты жиһаздарына, аспаптардың сырт жақтарына, аппараттардың сыртқы беткі қабаттарына профилактикалық, ошақтық дезинфекция жүргізу үшін қолданылады. Дезинфекцияны сүрту, суармалау, батырып қою, езу тәсілдерімен жүргізіледі. Көппәтерлі тұрғын үйлерді өңдеу үшін суармалау тәсілі қолданылады. Дезинфекция жасалғаннан кейін 3-5 сағат бойы пәтерден шықпау ұсынылады. Басқару органдарымен дезинфекция аяқталғаннан кейін подъездерді желдету қажеттігі айтылып, түсіндіріледі.
 

Сондай-ақ оқыңыз