Дәрігердің тағайындауынсыз қолданылған антибиотиктер  денсаулыққа зиян

Халықтық емдеу әдістері уақытты текке өткізіп, ауруды асқындыруы мүмкін

Фото: Shutterstock

Бұл туралы жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы, фтизиохирург, фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында айтты. Ол тұрғындарға коронавирус инфекциясын,  пневмонияны өз бетімен емдемеуге шақырды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің Telegram каналы хабарлады.

А. Малбасканов көбіне  тұрғындар коронавирус инфекциясын өздері емдеуге бейім екендігін атап өтті. 

 «Коронавирустық пневмония – вирус тудыратын ауру.  Антибиотиктер-бактерияға қарсы қолданылатын дәрілер. Антибиотиктерді қолдану арқылы иммунитетімізді  әлсіретіп, денсаулығымызға зиян келтіреміз.  Сондықтан үйде антибиотиктермен өзін-өзі емдеуге болмайды», — деп түсіндірді А. Малбасканов.

Инфекционист дәрігердің түсіндіруі бойынша, ауру белгілері байқалған жағдайда тез арада дәрігерге жүгіну қажет. Аурудың қалай өтіп жатқанын, қай деңгейде екендігін маман ғана анықтай алады. Қосымша клиникалық-рентгендік тексеруден өтіп, арнайы тағайындаудан кейін ғана  дәрілік препараттарды қолдануға болады. Көп жағдайда осы процедуралардан өткен науқастар толық жазылуға мүмкіндік алып жатыр.  

 «Кейбір адамдар халықтық емдеу  әдістеріне жүгініп жатыр. Оның соңы уақытты текке өткізіп алумен,  асқынулармен аяқталып жатады. Кейін медициналық ұйымдарға қабылданғаннан соң емдеу  шаралары басқа формада болуы мүмкін», — деді ол.

Ал ауру белгілері пайда болған жағдайда қала тұрғындарына тез арада медициналық қызметкерлеріне жүгіну қажеттігін айтамыз. Сондай-ақ, сарапшы барлық тұрғынды  профилактикалық шараларды сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 немесе 3000-505 нөміріне хабарласу керек.

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg