Дәрі-дәрмектерді пайда көзіне айналдырғандар қатаң жазаланады

Жарияланды
Елімізде қажетті дәрі-дәрмектерді толықтыру үшін шаралар қабылдануда

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бирифинг кезінде  дәрі-дәрмек нарығын ақша табу көзіне айналдырғандар қатаң жазаланатындығы туралы айтты. Бұл турал CORONAVIRUS2020.KZ Telegram каналы хабарлады.

 «Шымкент қаласында осындай пиғылмен жұмыс жасаған бір азамат қолға түсті. Сондықтан осындай нақты іс-шаралар  бүкіл Қазақстан бойынша жүргізілетін  бүкіл азаматтардың бәріне, әсіресе осы дәрі-дәрмектің айналасындағы жағдайды ескере отырып, пайда тауып қалуды көздейтін азаматтарды ескертіп айтқым келеді», -деді Ералы Тоғжанов.

 «Бұл тікелей Президенттің қарауындағы сұрақ. Сондықтан осы жағдайды ескеріңіздер. «Кемедегінің жаны бір ғой», сондықтан бір-бірімізді қолдап, бір-бірімізге нақты шешімі бар жолдармен жүргеніміз дұрыс болар»,-деді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Елімізде қажетті дәрі-дәрмектерді толықтыру үшін шаралар қабылдануда.

 «Халықты толғандыратын мәселелер аз емес. Оның ішінде негізгі мәселе – дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету. Қазақстанда 8 мыңнан аса дәріхана бар. Отандық өндіріс есебінен олардың барлығын қамтамасыз ету деңгейі 13 % деңгейінде, қалғанын сырттан, импорт арқылы енгізіп отырмыз»,-деді Ералы Тоғжанов.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қажетті дәрі-дәрмектермен толықтыру үшін мынадай шаралар қабылданады:

*Бір тәулік ішінде дәрілік заттарды әкелуге біржолғы рұқсат беруге өтінімдер қаралуда.

*Дәрі-дәрмектерді сертификациядан және сертификат берудің жеделдетілген рәсімдері қолданылды.

*Әкімдіктермен бірлесіп көтерме сауда қоймаларын, дәрі-дәрмектердің қоры және бағасын көтермелеуге жол бермеу үшін жеке дәріханаларды аралап өтетін арнайы мониторингтік топтары құрылды. 

*Қызуды төмендететін антибактериалды вирусқа қарсы препараттармен емдеуді тек емдеуші дәрігердің ұсынысымен жүзеге асырударыңызды сұраймыз.

Назар аударатынымыз, өз бетімен емделу өздеріңіз де қауіпті екенін білесіздер.
 

Сондай-ақ оқыңыз