Бухарестте «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылды

Қазақстан мен Румыния арасындағы жылдық тауар айналымы 1,8 млрд АҚШ долларға жетті

Фото: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы

Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесі мен Бухарест қаласының 1 сектор мэриясының қолдауымен Румыния астанасының ең көрікті жерлерінің бірінде «Нұр-Сұлтан» саябағын салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Саябақтың ашылуы Қазақстан Республикасының Елорда күні және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына арналды.

Айтулы іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухарест қаласы 1 секторының мэриясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум себепкер болды. 

Маңызды іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, Румынияның қоғамдық және іскерлік топтары, дипломатиялық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.

Елші Нұрбах Рүстемов өзінің алғы сөзінде Елбасының қазақ еліне сіңірген еңбегі мен айрықша жеке қасиеттеріне ерекше назар аударып, ҚР Тұңғыш Президентінің арқасында еліміз халықаралық сахнада жоғары деңгейге қол жеткізгенін және қазіргі заманғы әлем тарихында лайықты орынға ие болғанын атап өтті.

Баяндамашылар екіжақты қатынастардың дамуындағы оң динамиканы, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан» саябағының ашылуы достас екі халық арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылатынын, Қазақстан-Румыния байланыстарын тереңдетудегі осындай мәдени өзекті оқиғалардың тарихи маңыздылығына назар аударды. 

Қазақстан-Румыния қатынастарына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 және 2007 жылдары Румынияға жасаған сапарлары кезінде серпін берді.  Сол уақыттан бері Румыния Қазақстанға 1,7 млрд АҚШ доллар инвестиция жасады, және екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы бүгінде 1,8 млрд АҚШ долларына жетті.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Ертіс ерекше қорғауға алынбақ

Экологтар қоршаған ортаны ластайтын зауыт салмауды ұсынды

Фото: ашық дереккөз

Павлодар облысының қоғамдық бірлестіктерінің бір топ өкілі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевпен жүздесіп, өзекті мәселелерді ортаға салды. 

Алдымен, экологтар облыс бойымен өтетін Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріп, оны қорғауға алу қажеттігін алға тартты. «Эком» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Могилюктың айтуынша, бүгінде жасыл белдеу саналатын өзен мақсатсыз пайдалануда.  

Екінші мәселе – қоршаған ортаға қалдық шығаратын зауыттардың құрылысына тыйым салу. 

«Біз зиянды қалдықтар шығаратын жаңа кәсіпорындардың салынбауы үшін шаралар қолдануды сұраймыз. Көп жағдайда аймақтағы өндіріс орындарында ескірген технологиялар қолданылады. Олар да қоршаған ортаға залалын тигізбей қоймайды. Осы уақытқа дейін салынған зауыттардың өзі жетер. Экономикалық тиімділіктен бұрын экологиялық ахуалды ойлайтын кез жеткен сыңайлы», - деді Светлана Могилюк. 

Өз кезегінде Мағзұм Мырзағалиев қоғам белсенділері көтерген әр мәселе назарға алынатынына әрі тиісті шаралардың қолға алынатынына сендірді. 

«Павлодар облысы негізгі ластаушылардың бірі екені жасырын емес. Елімізде ауаға шығарылатын қалдықтардың 30 пайызы дәл осы өңірге тиесілі. Сондықтан экологтар көтеріп отырған мәселелер орынды. Біріншіден, зауыт басшылықтарымен қалдықтардың көлемін азайтатын жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыс істеу керек. Екіншіден, жасыл желекті айтарлықтай көбейту қажет. Үшіншіден, Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беру бастамасын қолдаймыз және осы бағытта жұмыс істейміз», - деп түйіндеді министр. 
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg