Бүгін – Жалпыұлттық аза тұту күні

Жарияланды
Індеттен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік  жарияланады

2020 жылдың 13 шілдесі – Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де  коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік  жарияланады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

 «Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын «Qazaqstan» Ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді. 

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

Сондай-ақ оқыңыз