Бүгін Нұр-Сұлтанда мерекелік отшашу болады

Жарияланды
Онлайн тамашалауға болады

Бүгін Нұр-Сұлтанда Елорда күніне мерекелік отшашу өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Тікелей эфир сағат 23:00-де Хабар24 телеарнасында көрсетіледі. Отшашу Есіл өзенінің (Орталық саябақ) жағалауында, Ботаникалық бақ (Қабанбай батыр даңғылы жағынан) және Пушкин – Абылайхан көшелерінің қиылысында басталады. Отшашуға бюджеттен қаржы бөлінбеген – шара демеуші қаражаты есебінен ұйымдастырылады. 

Тұрғындар санитария нормаларын қатаң сақтауы керек: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтауы және антисептик қолдануы тиіс.
 

Сондай-ақ оқыңыз