«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжат қабылдау 27 шілдеден басталады

Жарияланды
Құжаттарды қабылдау egov.kz порталы арқылы  жүргізіледі

Құжаттарды қабылдау egov.kz «электронды үкімет» порталы арқылы  2020 жылғы 27 шілдеден бастап 31 қазанға дейін жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram-каналы хабарлады.

Биылғы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға (магистратура, докторантура, резидентура) 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандық бойынша білім алу ұсынылып отыр. 

Сонымен қатар, бағдарлама бойынша білім алуға болатын 138 оқу орны бекітілген. Олар кемінде екі халықаралық рейтінгте TOP-100 құрамына кіреді. 

Толық ақпаратты www.bolashak.gov.kz сайтында оқи аласыздар.
 

Сондай-ақ оқыңыз