Биылғы 6 айда еліміздің теңіз порттарында 3 млн. тонна жүк тиелді

Ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 191,5 мың тоннаны құрады

Фото: ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздің теңіз порттары арқылы 3 млн. тонна жүк ауыстырып тиелді. Бұл - өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке тең. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Осы ретте теңіз порттарында жүк таситын автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 53 % артқан. Яғни, ол көрсеткіш 2019 жылдың алғашқы 6 айында 3171 болса, биыл 4865-ке жетті.Сондай-ақ, контейнерлерді ауыстырып тиеуде оң динамика байқалды. Бұл көрсеткіш 16 % өсіп, 13 867 бірлікті құрады.

Есепті кезеңде отандық сауда флотымен Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,14 млн.тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 6 538  контейнер Ақтау –Баку фидер желісінің үлесінде. 

Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 191,5 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен 7,8% өсті. Оның ішінде 97,9 мың тонна Ресей бағытында.

Шлюздерді күрделі жөндеу шеңберінде ауданы 5 813 м2 темір-бетон құрылымдарына жөндеу жүргізілді.

Каспий бағытындағы әлеуетті одан әрі арттыру шеңберінде жаңа теңіз бағыттарын ашу, Ақтау теңіз портында контейнерлік  хаб құру, экспорттық жүктердің бір бөлігін Құрық портына қайта бағдарлау пысықталып жатыр.

Сондай-ақ, Кеме қатынасы туралы келісімді және Суға батқан кемелерді көтеру жөніндегі Найроби конвенциясын ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдерді аяқтау жоспарланып отыр. 

Ішкі су жолдарында кеме қатынасын дамыту мақсатында қазіргі уақытта тиісті Тұжырымдаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

Шетелде оқу үшін үйден шықпай-ақ құжат тапсыра аласыз. Ол қалай?

Конкурсқа қатысу онлайн жүзеге асады

Фото: Shutterstock

Жаз – талапкерлердің жаппай оқуға құжат тапсыратын, ғылым-білімге қатысты болашағына жоспар құратын белсенді мезгіл. Елімізде шет мемлекетке барып білім алғысы келетін жастар да көп. Олар үшін «электронды үкімет» порталында жақсы мүмкіндік қарастырылған. 

Бұдан былай шетелдегі оқу конкурстарына қатысу үшін білім беру саласындағы халықаралық шарттар аясында үйде отырып-ақ құжат тапсыруға болады. Пайдаланушы білім алғысы келетін ел мен мамандықты порталда көрсете отырып, «бакалавриат», «магистратура», резидентура» және «докторантура» дәрежелеріне құжат тапсыра алады.


Қызметті тұтыну үшін алдымен порталда авторизация жасайсыз. Содан кейін «Білім» қосымша бетіне кіріп, «Білім беру саласындағы халықаралық шарттар шеңберінде шетелде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау» дегенді таңдап, қызметке тапсырыс бересіз. 

Әрі қарай білімі, отбасылық жағдайы, еңбек қызметі туралы мәліметтерді енгізіп, барлық қажетті бағандарды толық толтырып, ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қоясыз. Бұл қызмет жеке тұлғаларға бір жұмыс күні ішінде көрсетіледі. 

 Еске салайық, жақында білім және ғылым министрлігі «Болашақ» халықаралық бағдарламасына құжаттар қабылдау басталғанын жария етті. Бағдарлама арқылы азаматтар магистратура, докторантура, резидентура және тағылымдама бағдарламалары бойынша білім алады. Бұл конкурсқа қатысу үшін де құжаттарды eGov порталы арқылы онлайн жолдауға мүмкіндік бар. Құжат қабылдау 2020 жылдың 27 шілдесі мен 31 қазаны аралығында жүргізіледі. 

Министрлік дерегіне сүйенсек, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 85 және тағлымдамадан өтуге 95 басымдыққа ие мамандықтар ұсынылып отыр. Сондай-ақ бағдарлама аясында оқуға QS, ARWU, Times Higher Education, The U.S. News Best Global University халықаралық рейтінгтерінің кемінде екеуінің TOP-100 құрамына кіретін және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдердегі университеттердің US News Global рейтингісінде кемінде 65 жаһандық балға ие 138 жоғары оқу орны бекітілген. 

«Курсивті» кез келген жерде оқыңыз. Бизнес әлеміндегі ең өзекті жаңалықтар Facebook, Telegram және Яндекс.Дзен-де.

banner_wsj.gif

 

#Қазақстандағы коронавирус

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

qazexpocongresskz.jpg